Біздің филиалдар

"Өрлеу" бос жұмыс орындары

«Өрлеу» ғылыми қызметкерлерді дайындайды

14.10.2019 pdf_icon 30 pdf_iconPDF ВЕРСИЯСЫН - КӨШІРУ

2019 жылдың 12 қазанында Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ-дің  диссертациялық кеңесінде 6D010300 – Педагогика и психология мамандығы бойынша философия докторы (PhD) ғылыми дәрежесін алу үшін Ибрагимова Гульнара Каиржановнаның диссертациясы қорғалды. Ибрагимова Г.К. – «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қарағанды облысы бойынша ПҚ БАИ Инновациялық білім беру және ақпараттық технологиялар кафедрасының меңгерушісі.

Диссертация тақырыбы – «Мектепке дейінгі білім беру сапасын бағалау (Қарағанды облысындағы мектепке дейінгі ұйымдардың мысалында)», ғылыми кеңесшілер п.ғ.д., профессор Л.А.Шкутина, философия докторы (PhD), профессор Н.Мазачова.

Диссертациялық зерттеуде мектепке дейінгі білім беру сапасын бағалау жүйесінің моделі, мектепке дейінгі білім беру ортасының дамып келе жатқан шарттары мен мүмкіндіктерін ынталандыру жүйесі теориялық тұрғыдан негізделіп, әзірленіп, сынақтан өтеді.

Мектепке дейінгі білім беру сапасын бағалау моделі Қарағанды облысындағы 31 мектепке дейінгі ұйымның 362 тобында сыналды. Бұл  мекемелер «Өрлеу» Қарағанды филиалының эксперименталдық алаңдары болып табылады.

Бағалау критерийлерінің жан-жақтылығы республиканың барлық аймақтарындағы мектепке дейінгі ұйымдардың білім беру ортасының сапасын бағалау үшін Г.К. Ибрагимованың ұсынылған моделін қолданысқа енгізуге мүмкіндік береді.

Гүльнара Каиржановнаны диссертациялық кеңес мүшелерінің үлкен ғылыми қызығушылығын тудырған диссертацияны сәтті қорғаумен құттықтаймыз! Сізге ғылыми салада сәттілік тілейміз!

 

М.А. Жетписбаева, директордың оқу-әдістемелік жұмыстары жөніндегі орынбасары, ф.ғ.к.