Біздің филиалдар

"Өрлеу" бос жұмыс орындары

Заманның талабына сай

17.10.2019 pdf_icon 16 pdf_iconPDF ВЕРСИЯСЫН - КӨШІРУ

Солтүстікқазақстандық «Өрлеу» филиалында 2019 жылдың 30 қыркүйектен 25 қазанға дейін ҚР білім беру мазмұнын жаңартуға бағытталған «Орыс тілі және әдебиеті» пәні бойынша біліктілікті арттыру курстары өткізілуде. 

Аталған курстар аясында 26 облыс орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдері жаңартылған оқу бағдарламасының ерекшеліктері туралы білетін болады. Сонымен қатар белсенді жұмыс әдістерімен танысады, сөйлеу іс-әрекетінің төрт дағдысын қалыптастыру және дамыту үшін қажетті әртүрлі стратегия мен әдістерді оқиды: тыңдау, сөйлеу, оқу және жазу.

Барлық сабақтар тренингтер, топтық, практикалық жұмыстар түрінде өтеді. Тренер Сансызбаева К.З. пікірі бойынша аталған курстар мұғалімдердің кәсіби біліктілігін арттырып қана қоймай, практикалық тәжірибе мен жаңа идеялар алмасуға мүмкіндік береді. Курсқа қатысушылар аталған курстардың уақтылығы мен маңыздылығын терең түсінеді. Жаңартылған білім беру бағдарламасының мақсат, міндеттерін, құрылымын, белсенді оқытудың тиімді формасымен, критериалды бағалаумен танысу - мұғалімнің оқу-тәрбие үрдісіндегі рөлі, оқушыға деген жаңа көзқарасы қалыптасуына ықпал етеді.

Сондықтан мұғалімнің жаңа өзгерістердің, жаңа білім беру нәтижелерінің мәнін түсінуі өте маңызды.

                           Ж.Дюсембаева, филиалдың баспасөз қызметі