Біздің филиалдар

"Өрлеу" бос жұмыс орындары

Тоқсан жылдық тарихы бар колледж

15.10.2019 pdf_icon 60 pdf_iconPDF ВЕРСИЯСЫН - КӨШІРУ

Қызылорда облысы, Қазалы ауданының Қазалы көлік-техникалық жоғары колледжіне 90 жыл толды. Осыған орай аталмыш білім ордасында салтанатты шара өткізілді.

Салтанатты шараға аудан әкімі М.Ергешбаев, Қызылорда облысы білім басқармасының басшысы М.Мелдебекова, Облыстық білім және ғылым кәсіподақ комитетінің төрайымы Р.Байназарова, «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қызылорда облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының кафедра меңгерушісі, профессор Б.Кожамберлиев және ардагер-ұстаздар, білім ордасының түлектері, облыс колледждерінің оқытушылары қатысты.

Салтанатты шара барысында Қазалы көлік-техникалық жоғары колледжінің директоры Б.Ахметов колледждің 90 жылдық тарихы мен жетістіктеріне тоқталды. Шараға қатысушылар колледждің материалдық-техникалық базасымен танысты. Сонымен қатар мерейтойы аясында «Кәсіптік-техникалық білімнің қалыптасуы, дамуы, келешегі» тақырыбында ғылыми-теориялық конференция ұйымдастырылды.

Қазалы көлік-техникалық жоғарғы колледжінің 90 жылдық мерейтойында институттың кафедра меңгерушісі, профессор Б.Кожамберлиев колледждің белсенді оқытушыларына институттың Құрмет грамотасы мен Алғыс хаттарын табыстады.