Біздің филиалдар

"Өрлеу" бос жұмыс орындары

Цифрландыру ғасырында латын қарпін зерделеу

04.11.2019 pdf_icon 7 pdf_iconPDF ВЕРСИЯСЫН - КӨШІРУ

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қостанай облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты «Қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру: жағдайы мен келешегі» дөңгелек столын өткізді. Аталған ісшарада  қазақ тілін латын қарпіне көшу мәселелерін талқылау үшін жағдай жасау; латын қарпін кәсіби қызметке енгізуді ұйымдастыру мен жүзеге асыру бойынша тәжірибе алмасу бойынша жұмысты белсендіру мәселелері қарастырылды.

Ісшараның мақсаты: қазақ тілін латын қарпіне көшу мәселелерін талқылау, латын қарпін кәсіби қызметке енгізуді ұйымдастыру мен жүзеге асыру бойынша тәжірибе алмасу.

Өз жұмыс тәжірибесімен «Тілдарын»  облыстық тілдерді  оқыту орталығы» КММ әдіскері Нұрбекова А.Ж., Қостанай педагогикалық колледжі» КМҚК филология кафедрасының жалпы білім беру пәндерінің оқытушысы Арыстан Н.Н., Қостанай қ. әкімдігі білім бөлімінің №1 мектеп-лицейі» ММ қазақ тілі мұғалімі Рахимова Э. Е., Қостанай қаласы әкімдігінің «М.Хәкімжанова атындағы №20 ОМ» ММ  мұғалімі Айгужина Г. К., Рудный қаласы әкімдігінің «№7 мектеп-лицейі» мұғалімі Қами Г.М., WOW ÁLİPPE  бағдарламашысы/ авторы Азелханов И. А. бөлісті.

«WOW ÁLİPPE» жобасы қызықты болды, бұл қосымша латын қарпіндегі әліпбиді жандандыратын қосымша. Бұл қосымша әзірлену үстінде болса да, өз идеясымен қызықты. Цифрландыру уақытында балалар кітап оқуға аз көңіл бөлгендіктен, бұл қосымша латын қарпін зерделеуде жақсы көмекші болары анық.