Біздің филиалдар

"Өрлеу" бос жұмыс орындары

Қазақ әліпбиінің латын графикасына көшіру шеңберінде кәсіби құзыреттілікті арттыру

04.11.2019 pdf_icon 8 pdf_iconPDF ВЕРСИЯСЫН - КӨШІРУ

 «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы Қостанай облысы бойынша ПҚ БАИ  жоғары оқу орындары профессор-оқытушылар құрамы үшін «Қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру жағдайында жоғары оқу орындары профессор-оқытушылар құрамынының кәсіби құзыреттілігін арттыру» тақырыбында Нұрсұлтан қаласында біліктілікті арттыру курсын өткізіп жатыр.

Біліктілікті арттыру курсына Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті, Ө.Сұлтанғазин атындағы Қостанай мемлекеттік педагогикалық университеті және Атырау мемлекеттік педагогикалық университетінің профессор-оқытушылар құрамы қатысуда.

2019 жылдың 30 қыркүйегі мен 08 қараша аралығында болып жатқан 240 сағаттық Бағдарламаға сәйкес онлайн және «Бетпе-бет» кезеңдеріндегі нормативтік-құқықтық, педагогикалық-психологиялық, мазмұндық, технологиялық модульдердегі сабақ түрлері (вебинар, дәріс, практикалық жүмыс, тренинг, семинар) тыңдаушылардың қызығушылықтарын арттыруға және кәсіби құзыреттіліктерді жетілдіруге бағытталған.

Осы негізде тиімді сабақ түрлеріне сәйкес жүргізіліп жатқан жұмыстар тыңдаушылардың белсенділігін арттыруда.