Біздің филиалдар

"Өрлеу" бос жұмыс орындары

Семинар-тренинг: «Іскерлік қарым-қатынас әдебі және жұмысты басқару құзіреттілігі»

16.06.2015 pdf_icon 764 pdf_iconPDF ВЕРСИЯСЫН - КӨШІРУ

2015 ж. 15 маусымда №76 ЖББМ базасында «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Алматы қаласы бойынша ПҚ БАИ Деңгейлік бағдарламалар орталығының сертификатталған тренерлері: И.В. Коломыцева, Т.В. Ларионова, И.В. Мурадова «Іскерлік қарым-қатынас әдебі және жұмысты басқару құзіреттілігі» атты семинар-тренинг өткізді. Семинардың мақсаты – сертификатталған мұғалімдердің кәсіби бірлестігінде оқытудың міндеттерін шешуде тәжірибе алмасу.

Семинар жұмыстарына қатысуға 2012-2015 жылдар аралығында үшінші базалық деңгейлік курстан өткен қаланың сертификатталған мұғалімдері және Алматы қаласы бойынша ПҚ БАИ Деңгейлік бағдарламалар орталығының тренерлері шақырылды. Іс-шараға қатысушылар іскерлік қарым-қатынасты кәсіби құзіреттілікті қалыптастырудың бір аспектісі ретінде түсінуге, сол сияқты педагогикалық міндеттерді шешу мақсатында іскерлік қарым-қатынас дағдыларын жетілдіруге мүмкіндік алды.

 

         Семинарды интерактивті түрде өткізу әр мұғалімнің пікірталастарды өткізу қабілеттерін көрсетуге, кәсіби бірлестікте қарым-қатынас мәселелерін анықтауға, әртүрлі қарым-қатынас стильдерін пайдалана отырып, мәселелерді шешу жолдарын айқындауға мүмкіндік береді. Семинарға қатысушылар кәсіби салада әртүрлі педагогикалық міндеттерді тиімді шешу жолдарын қарастырып, өмірде кездесетін жағдаяттарды дұрыс шешу үшін педагогикалық әдеп ережелері негізінде бірлесіп, қарым-қатынас жасаудың маңыздылығына тоқталды.

 

Іс-шара соңында барлық мұғалімдерге семинарға қатысқаны үшін сертификаттар ұсынылды.

Алматы қаласы бойынша ПҚ БАИ

Қоғаммен байланыс және

 баспа ісі бөлімі