Біздің филиалдар

"Өрлеу" бос жұмыс орындары

«Заманауи балабақшаға – көшбасшы басшы»

22.06.2015 pdf_icon 802 pdf_iconPDF ВЕРСИЯСЫН - КӨШІРУ

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты 2014 жылғы 17 қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдауында «...2020 жылға қарай Қазақстандағы 3-6 жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі біліммен 100 пайыз қамту жоспарлануда. Сондықтан оларға заманауи бағдарламалар мен оқыту әдістемелерін, білікті мамандар ұсыну маңызды».

 

19 маусымында 7 қаладан (Қарағанды, Жезқазған, Теміртау Балқаш, Шахтинск, Сатпаев, Приозерск) және облыстың 7 ауданынан (Ақтоғай, Қарқаралы, Ұлытау, Шет, Осакаров, Жаңаарқа, Бұқаржырау) мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының – 67 басшысы қатысқан «Заманауи балабақшаға – көшбасшы басшы»  семинары өткізілді. 

Филиал директоры, п.ғ.д., профессор С.Д. Муканованың құттықтау сөзінде, осы семинардың білім беру мазмұнын жаңарту қарсаңында балабақша басшыларына әдістемелік қолдау көрсетуді жүзеге асыруға мүмкіндік беретіні атап көрсетілді. 

Мектепке дейінгі тәрбие және бастауыш оқыту кафедрасының меңгерушісі п.ғ.к. М.П. Кушнирдің жасаған баяндамасында Қарағанды БАИ мен облыстың мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының өзара әрекетінің тәжірибесі баяндалды.

 

Секция жұмысының барысында балабақша басшылары мектепке дейінгі ұйымдар педагогтарының көшбасшылық қырын қалыптастыру бойынша тренингке;  «Өзін-өзі тану» бойынша рухани-адамгершілік білім беруді ұйымдастыру негіздерін ашатын жұмысқа белсенді түрде қатысты.

«Ашық микрофон» аясындағы іс-шараға қатысушылар өздерін толғандыратын сұрақтарын қойып, білікті мамандардың – заңгерлердің, психологтардың, әдіскерлердің жауаптарын ала білді. 

 

Қорытынды рефлексия барысында қатысушылар дер кезінде өткізілген кездесу үшін, олардың мектепке дейінгі білім берудің сапасын арттыру мәселелеріндегі тиімді көмегі мен практикалық бағыты үшін алғыстарын білдірді.    

Қарағанды облысы бойынша ПҚБАИ