Біздің филиалдар

"Өрлеу" бос жұмыс орындары

«Үздік механизатор» атты облыстық кәсіби шеберлік байқауы

24.06.2015 pdf_icon 815 pdf_iconPDF ВЕРСИЯСЫН - КӨШІРУ

ШҚО техникалық және кәсіптік білім беру жүйесіндегі оқу орындары студенттерінің кәсіби дайындық сапасы мен шеберлігін анықтап, жастар арасында жұмысшы мамандықтарын насихаттау, заманауи жағдайларда жұмысшы мамандықтардың беделін көтеру мақсатында 2015 жылдың 19 маусымында «Шығыс Қазақстан ауылшаруашылық колледжі» КМҚМ базасында «Үздік механизатор» атты облыстық кәсіби шеберлік байқауы өткізілді.

Байқауға «Ауыл шаруашылығы техникасына техникалық қызмет көрсету және жөндеу», «Фермерлік шаруашылық», «Ауылшаруашылығын механикаландыру» мамандарының «Ауыл шаруашылық өндірісі тракторист-машинисті» біліктілігі бойынша оқытылатын Шығыс Қазақстан облысы техникалық және кәсіптік білім беру жүйесі оқу орындарынан 13 студент қатысты.

 

Байқау теориялық және практикалық бөлімдерде өткізілді.

Байқаудың теориялық бөлімінде:

1. Таныстыру – қатысушылардың өзін-өзі таныстыру.

2. Тестілеу: сайыскерлердің теориялық білімдерін тексеру.

Байқаудың практикалық бөлімінде:

1. Жағдайға байланысты тапсырмалар орындау.

2. Жерді өңдеу.

 

Байқау аясында ШҚО білім басқармасы басшысының орынбасары шаруа қожалығы басшылары және ауылшаруашылық бағытындағы Шығыс Қазақстан техникалық және кәсіптік білім беру оқу орындарының басшыларымен және «Өрлеу»БАҰО» АҚ филиалы ШҚО бойынша ПҚ БАИ қатысуымен дөңгелек үстел өткізді.

 

Дөнгелек үстелде ауылшаруашылық бағытындағы коллеждердің шаруа қожалықтарымен және «Өрлеу»БАҰО» АҚ филиалы ШҚО бойынша ПК БАИ мен бірлесіп атқарылатын мәселелер көтеріліп, «Шығыс Қазақстан ауылшаруашылық колледжі» КМҚМ инженер-педагогтердің біліктілігін арттырудағы тірек кластерлік колледж ретінде тағайындалды.

 

Әділ қазылар алқасының шешімімен:

1 орын – Иванисов П.С. «Самар аграрлы-техникалық колледжі» КММ;

2 орын – Володькин Д. С.  «Бородулиха колледжі» КММ;

3 орын - Тлеугабылов А. Т.  «Үржар колледжі» КММ;

4 орын – Акишев Е.Ж. «Абай колледжі» КММ.

«Өз ісінің шебері» номинациясы бойынша Рахметов Е.С. «Зырян ауылшаруашылық колледжі» КММ.

«Үздік жер жыртушы» номинациясы бойынша Есенгельдинов Ж.Н. «Жарма технологиялық колледжі» КММ;

«Үздік механик» номинациясы бойынша Кошкин В.Е. «Шемонаиха колледжі» КММ.

Облыс көлемінде өткен бұл шараны республикалық «Қазақстан», «31 Арна», жергілікті «Өскемен ВКТВ» телеарналары жариялады.

ШҚО ПҚ БАИ