Біздің филиалдар

"Өрлеу" бос жұмыс орындары

Жобалау іс-әрекеті педагог жұмысының тиімді әдістерінің бірі

29.06.2015 pdf_icon 684 pdf_iconPDF ВЕРСИЯСЫН - КӨШІРУ

2015 жылдың 23 маусым күні «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы Батыс Қазақстан облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтында филиалдың халықаралық ынтымақтастық жұмысы аясында «Проектная деятельность» тақырыбында тәжірибелік тренинг өтті.  Тренингті «Белгород мемлекеттік ұлттық зерттеу университеті»  ФМАББҰ социология ғылымдарының кандидаты, «Ұлттық Гильдия Кәсіби Кеңесшілер» Коммерциялық емес серіктестік мемлекеттік және муниципалдық бағдарламалар Орталығының жетекшісі Константин Владимирович Харченко өткізді.

К.В. Харченконың негізгі кәсіби іс-әрекеті ретінде әлеуметтік жобаларды негізге алып  РФ және ТМД елдері бойынша даму стратегияларын  жүзеге асыру.

Мектеп педагогтері үшін тренинг тақырыбы өзекті, себебі  қазіргі уақытта жобалау іс-әрекетіне көп көңіл бөлінеді. Тренинг қатысушылары жоба жасақтаудың  негізгі кезеңдерін, мақсатын қоюды және жоба міндетін анықтауды үйренді.

Тренингтің ІІ бөлімінде тыңдаушылар екі топқа бөлініп «Болашақ мектеп моделі» жобасы тақырыбы бойынша жұмыстанды. Жобалар  қызықты, креативті болды. Тыңдаушылар ғылыми жобаға қойылатын барлық талаптарды орындай алды.