Біздің филиалдар

"Өрлеу" бос жұмыс орындары

Үздік бағдарлама мен үздік оқу- әдістемелелік кешені байқауы

01.07.2015 pdf_icon 958 pdf_iconPDF ВЕРСИЯСЫН - КӨШІРУ

2015 жылы маусымның 26 күні «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Батыс Қазақстан облыстық педагогикалық қызметкерлер біліктілігін арттыру институтының базасында «ПҚ БА курстарының жаңартылған үздік бағдарламасы», «ПҚ БА курстарының үздік ОӘК» атты республикалық байқаудың бірінші кезеңі өткізілді.

Аталмыш байқауға жалпы саны 17 жұмыс ұсынылды: «ПҚ БА курстарының жаңартылған үздік бағдарламасы» бағыты бойынша - 8, «ПҚ БА курстарының үздік ОӘК» бағыты бойынша - 9. 

Барлық жұмыстар «Өрлеу» БАҰО» АҚ «Қысқа мерзімді біліктілікті арттыру курстарының мазмұнын жаңартудың басым бағыттары туралы» 2012 жылғы 6 - қарашадағы №122 нұсқаулық хатына 2014 жылы енгізілген толықтырулар мен өзгертулер» және «Өрлеу» БАҰО» АҚ педагогикалық қызметкерлердің қысқа мерзімді біліктілікті арттыру курстарының оқу бағдарламасын жасау және рәсімдеуге қойылатын талаптар», «Педагогикалық қызметкерлердің қысқа мерзімді біліктілікті арттыру курсының ОӘК дайындау мен рәсімдеуге қойылатын жалпы талаптар» құжаттарына сай жасақталған. 

 

Байқауға оқытушылар үлкен жауапкершілікпен және қызығушылықпен қатысты. Барлық жұмысты әділқазылар алқасы қарап, үздіктерді анықтады. Ұсынылған жұмыстардан 4 үздік жаңартылған бағдарлама, 5 үздік ОӘК байқаудың республикалық кезеңіне жолдама алды.