Біздің филиалдар

"Өрлеу" бос жұмыс орындары

«Құзыретті оқытудың міндеттерін жүзеге асыру үшін психологиялық ортаны құру»

21.08.2015 pdf_icon 735 pdf_iconPDF ВЕРСИЯСЫН - КӨШІРУ

2015 жылдың 17 тамызында   «Өрлеу» БАҰО АҚ Ф Астана қ. бойынша ПҚ БАИ-де «Құзыретті оқытудың міндеттерін жүзеге асыру үшін психологиялық ортаны құру» тақырыбы бойынша қалалық семинар-кеңес өткізілді.  

Семинар жұмысына филиал оқытушылары, мектептердегі психологиялық қызметтің жұмысына жетекшілік ететін  Білім басқармасының әдіскерлері, жалпы білім беретін мектептердің педагог-психологтары қатысты.

 

Семинар-кеңес құзыретті оқытудың міндеттерін жүзеге асыру үшін психологиялық ортаны құру, сонымен қатар Астана қ. жалпы білім беретін мектептеріне «Психология» эксперименттік факультатив курсын енгізу сұрақтары бойынша БАИ мен Астана қ. Білім басқармасының ортақ қызметтерінің негізгі бағыттарын талқылау мақсатында ұйымдастырылды. Семинар қатысушылары келесі ұсыныстарды өндірді:

  1. Қысқа мерзімді курстарының психологиялық-педагогикалық модуліне білім беру ұйымдарында психологиялық қызметтің тиімді іс-әрекетін қамтамасыз ету сұрақтарының зерттеуін енгізу .
  2. Білім беру ұйымдарындағы психологтарды әдістемелік тұрғыдан қамтамасыз етуді ұйымдастыру бойынша БАИ мен Астана қ. ББ-ң ортақ іс-шараларын талқылау.
  3. БАИ ППҚ ББ қалалық әдістемелік кабинетімен бірлесіп, біліктілікті арттыру курстарында мектеп психологтары қажеттіліктерінің маркетингін өткізу және 2016 жылғы курс жоспарларына сәйкес ұсыныстарды енгізу.
  4. 25 желтоқсанда Бүкіл әлемдік психолог күніне Астана қ. мектептерінде Психология апталығын ұйымдастыру, осыған сәйкес жоспар дайындау.
  5. ББ әдіскерлері мен БАИ ППҚ «Жас психологтың мектебі» мен Астана қ. білім беру ұйымдарында психологиялық қолдаудың инновациялық тәжірибесін жүзеге асыру сұрақтары бойынша ғылыми-тәжірибелік мақалаларды жариялаудың ұйымдастырылуына көмек көрсетсін.