Біздің филиалдар

"Өрлеу" бос жұмыс орындары

«Ақтөбе облысы бойынша желілік қауымдастық өкілдерінің съезі» инновациялық алаңы

28.08.2015 pdf_icon 786 pdf_iconPDF ВЕРСИЯСЫН - КӨШІРУ

2015 жылдың 25 тамызында АО БАҰО «Өрлеу» Ақтөбе облысы бойынша педагогиклық кадрлар біліктілігін арттыру институты бойынша Деңгейлік бағдарламалар орталығының тренерлері «Ақтөбе облысы бойынша желілік қауымдастық өкілдерінің съезі» инновациялық алаңына қатысты, бұл кездесу Ақтөбе қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі базасында «Жаңа білім бадарламалары, инновациялар және құзыреттілік тәсілдеме - табысты мектепке қадамдар» облыстың тамыс конференциясы негізінде өткізілді.       

     Семинарға облыстың 200 жуық сертификатталған мұғалімдері қатысты. 

 

      Инновациялық алаңның ашылуында АО БАҰО «Өрлеу» Ақтөбе облысы бойынша педагогиклық кадрлар біліктілігін арттыру институты директорының орынбасары Қибатаева Н.К. «О роли сетевых педагогических сообществ в творческом саморазвитии учителя» атты баяндамасымен қазіргі білім беру жағдайындағы желілік қауымдастықтардың маңызын терең ашып айтып кетті. Сонымен қатар Педагогикалық шеберлік орталығының директоры Акимова Т.А. облыс бойынша желілік қауымдастықтың жұмыстарының қорытындылары туралы тоқталып кетті.   

 

Инновациялық алаңның жұмысы үш сессия шеңберінде өтті:

1 сессия.Тірек мектептерінің желілік қауымдастық жұмысы туралы есептері.

2 сессия.Постер сессия.

3 сессия.Желілік қауымдастық қызметтерінің SWOTанализі.

Инновациялық алаңда облыс және қаланың тірек мектептеріндегі сертификатталған мұғалімдер өздерінің желілік қауымдастықтарының жұмыстарымен таныстырды. 

Инновациялық алаңда шығармашылық және презентациялық жұмыстармен көзге түскен барлық қатысушылар Ақтөбе қаласы ПШО алғыс хаттарымен марапатталды.