Біздің филиалдар

"Өрлеу" бос жұмыс орындары

СҚО педагогтерінің позитивті ойлауы – нәтижелі біліктілікті арттыру курстарының маңызды қадамы

03.09.2015 pdf_icon 1212 pdf_iconPDF ВЕРСИЯСЫН - КӨШІРУ

Білім беруді жаңашылдандыру педагогтерді оқыту сапасын арттырудың тиімді әдіс-тәсілдерін қарастыруды өзектендіреді. Қазіргі кезеңде заман талабына сай тек қана «оқытып» қоймай, позитивті ойлауда шешуші рөл атқаратын өзін-өзі тану, өзін-өзі дамыту, анықтау үдерісін жүзеге асыратын жаңа форматты педагогтердің қажеттілігі артып отыр.

Позитивті ойлау – өмірдің табиғи үдерісі, сыртқы әлеммен үйлесімі.

Позитивті ойлау өз мағынасы бойынша іс-әрекет емес, ақыл жағдайына қатысты. Адам үлкен әлеуетке, денсаулық пен табысқа жету мүмкіндігіне ие екендігіне нық сенімді болуы тиіс. Осы орайда курс тыңдаушыларының тиімді біліктіліктерін арттыру үдерісінде позитивті ойлаулары маңызды рөл атқарады. Сондықтан біліктілікті арттыру курстары тыңдаушыларының позитивті ойлауын дамыту мақсатында «Өрлеу» БАҰО» АҚ СҚО ПҚ БАИ-да «Shift positive» жобасы іске қосылды.

Осы жобаға белсене қатысушы педагогтер оқу үдерісіне деген жоғары уәжбен, жақсы көңіл-күймен, қоршаған ортаны позитивті қабылдауға оң көзқарасымен ерекшеленеді, ал ол болса курс барысында оқу материалдарын қабылдауда маңызды болып табылады.

 

Кусаинова Р.Н. «Мектепке дейінгі тәрбие

және бастауыш білім беру» кафедрасының аға оқытушысы