Біздің филиалдар

"Өрлеу" бос жұмыс орындары

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы «Қызылорда облысы бойынша ПҚ БАИ» 1 – 4 қыркүйекке 2015ж. жаңалықтар

04.09.2015 pdf_icon 701 pdf_iconPDF ВЕРСИЯСЫН - КӨШІРУ

Тәуелсіздік тірегі, айбынды Ата заңға – 20 жыл

 

28 тамызда «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қызылорда облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының мәжіліс залында Қазақстан Республикасы Конституциясының 20 жылдық мерекесіне орай салтанатты жиын болып өтті.

Салтанатты жиында «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қызылорда облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының директоры Б.Елеусінов ұжым қызметкерлерін маңызды мемлекеттік мерекемен құттықтады.

Ұйымдастырылған іс-шара барысында «Инновациялық дамуды әдістемелік қамтамасыз ету» бөлімінің бас маманы А.Ләпбаева «Конституцияға 20 жыл: Ата Заң – Тәуелсіздік пен тұрақтылықтың теңдессіз тартуы!» тақырыбында баяндама оқыды. Тәуелсіз мемлекеттігіміздің тірегі болған Ата Заң турасында толымды пікір айтып, ата-бабалар армандаған азаттықты айқындайтын, тәуелсіз елдікті танытатын, әрі бүгінде дербес мемлекет екендігімізді көрсететін қастерлі құжаттың маңызын аша түсті.

 

Оқыту семинары өткізілді

 

28 тамызда «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қызылорда облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты, «Инновациялық дамуды әдістемелік қамтамасыз ету» бөлімінің ұйымдастырумен оқыту семинары өткізілді.

Семинарды өткізудің басты мақсаты: институт оқытушыларына іс-шараларды өз деңгейінде жүргізу үшін бағыт-бағдар беру.

Семинар барысында педагогикалық қызметкерлердің қысқа мерзімді біліктілік арттыру курстары барысында өткізілетін семинар, конференцияларды ұйымдастыру мәселелері қарастырылды. Сонымен қатар «Инновациялық дамуды әдістемелік қамтамасыз ету» бөлімінің бастығы С.Құсейнов «Шараларды жоспарлау мен ұйымдастыру» туралы нұсқаулықпен институт оқытушыларын таныстырды. Нұсқаулықта курс барысында ұйымдастырылатын шараларды (конференция, семинар, дөңгелек үстел) өткізу туралы Ережелер берілгендігін айта отырып, нұсқаулықтың әрбір бөлімін түсіндіріп өтті. Бөлім бастығы алдағы уақытта ұйымдастырылатын шараларды Ережелерге сай ұйымдастыру керек екендігін ескертіп, оқытушылар ұжымына шығармашылық табыстар тіледі.

 

Біліктілік арттыру курстары – кәсіби өсудің кепілі

 

«Мұғалімнің кәсіби дамуын педагогикалық-психологиялық қамтамасыз ету» кафедрасының ұйымдастыруымен 2015 жылдың 01-26 қыркүйек аралығында мектептегі инклюзивті білім беру мұғалімдеріне арналған «Инклюзивті білім беруді дамыту жағдайындағы білім беру ортасының мазмұны» тақырыбындағы біліктілікті арттыру курсы жүргізілуде.