Біздің филиалдар

"Өрлеу" бос жұмыс орындары

Болашақтың технологиялары

08.09.2015 pdf_icon 1031 pdf_iconPDF ВЕРСИЯСЫН - КӨШІРУ

«ӨРЛЕУ»  біліктілікті арттыру ұлттық орталығы»  акционерлік  қоғамының  филиалы  «Ақмола  облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты»  Бұланды ауданы мектепке дейінгі мекеме тәрбиешілеріне  2015 жылдың 1-5 қыркүйек  айында   «Жеке тұлғалық «Тәй-тәй» технологиясы негізінде  білім беру үдерісін  жобалау»  тақырыбында курс өткізілді.

Курс мақсаты: балабақша жағдайында «Тәй- тәй» педагогикалық жүйесін қолдануды игеру бойынша мектепке дейінгі білім беру ұйымдары қызметкерлерінің кәсіби құзырлығын қалыптастыру.

Курс тыңдаушылары «Балдәурен» балабақша базасында пікірталас, іскер-ойын, тренинг, практикум, хас-шебер сынды түрлерінде өз біліктілігін артты.

 

              «Тәй-тәй» технологиясын   мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының білім беру үрдісіне енгізу өзектілігі – баланың  бірегей  қабілеттерін  дамытуға  және  отбасын тартуға бағытталған өзіндік әдістемесін пайдалану, баланы өзгермелі әлемдегі өмірге дайындайтын, тұрақты талап  пен  өздігінен оқу ынтасын қалыптастыратын  балаға тәрбие  беру мен оқытуды ізгілендіру мен демократияландыруды үдерісін қолдау мен дамыту. 

            Курс бағдарламасы  «Тәй- тәй» инновациялық технологиясы негізінде мектеп жасына дейінгі балалардың жеке мүдделерін  жүзеге асыруды қамтамасыз ететін педагогикалық технологияларды  оқытуды ұйымдастыруда  қолдану мүмкіндіктері туралы түсініктерін кеңейтуді  қарастырады.

Бұланды ауданы «Снежинка»  балабақшасының  тәрбиешілері Н.Ф.  Бугреева  және Д.С.Капажанова өз тәжірибелерімен бөлісті.

 Мектепке дейінгі мекеме педагогтары  «Тәй-тәй» технологиясы негізінде   педагогтар  баланы өз бетінше өмір сүруге дайындауға, сыни ойлауға, тез өзгермелі заманға   қажетті дағдыларды  қалыптастыруға көмектесетіне көздерін жеткізді.