Біздің филиалдар

"Өрлеу" бос жұмыс орындары

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы «Қызылорда облысы бойынша ПҚ БАИ» 7 – 11 қыркүйекке 2015ж. жаңалықтар

11.09.2015 pdf_icon 598 pdf_iconPDF ВЕРСИЯСЫН - КӨШІРУ

Біліктілік арттыру курстары – кәсіби өсудің кепілі

 

«Өрлеу» біліктілікті арттыру Ұлттық орталығы» АҚ филиалы «Қызылорда облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының» «Мұғалімнің кәсіби дамуын педагогикалық-психологиялық қамтамасыз ету» кафедрасының ұйымдастыруымен 2015 жылдың 7-17 қыркүйек аралығында кафедраның аға оқытушылары Г.Таласбаева және Ж.Нақыпбаеваның жетекшілігімен балабақша тәрбиешілеріне арналған – «Step by Step», «ӨТШТ» Н.Зайцев және М.Монтессории педагогикалық жүйелерімен технологияларын мектепке дейінгі тәрбие мен білім беруде қолдану», арнайы түзету мекемелерінің логопедтеріне арналған – «Білім беру ұйымдарында түзете-дамыта оқыту мен тәрбиелеу жұмыстарын ұйымдастыру», балабақша меңгерушілеріне арналған – «Мектепке дейінгі ұйымды басқарудағы инновациялық менеджмент» тақырыбында біліктілік арттыру курстары өткізілуде.

 

7-17 қыркүйек 2015 жыл

 

«Инновациялық технологиялар және ғылыми-жаратылыстану (гуманитарлық) пәндерді оқыту әдістемесі» кафедрасының ұйымдастыруымен 2015 жылдың 7-17 қыркүйек аралығында қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімдеріне арналған – «Қазақ тілі мен әдебиеті пәнін оқытуда ақпараттық-коммуникациялық технологиялар арқылы шығармашыл тұлға қалыптастыру», дінтану пәні мұғалімдеріне арналған – «Дінтану пәнін оқытуда оқушылардың түйінді құзыреттіліктерін дамыту» тақырыбында біліктілік арттыру курстары өткізілуде.