Біздің филиалдар

"Өрлеу" бос жұмыс орындары

Мәдениеттер сұхбаты және көптілді білім беру

11.09.2015 pdf_icon 864 pdf_iconPDF ВЕРСИЯСЫН - КӨШІРУ

2015 жылдың 9 қыркүйегінде «ӨРЛЕУ» БАҰО» АҚ филиалы Астана қ. бойынша ПҚ БАИ МКДППҚ кафедрасының ұйымдастыруымен «Мәдениеттер сұхбаты және көптілді білім беру» тақырыбында қалалық семинар өтті. Семинар мақсаты: білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында көптілді оқытудың негізгі бағыттарын талқылау және тілдерді оқыту әдістерімен танысу. 

Семинарда МКДППҚ кафедрасының аға оқытушысы Н.А. Клименко қатысуышларды CLL - біріктірілген оқытудың әдістемесімен таныстырды. Біліктілікті арттыру курстарындағы үш тілді білім беру жағдайында коммуникативтік құзыреттілікті қалыптастыру туралы МКДППҚ кафедрасының аға оқытушысы Ж.С.Нурмагамбетова мәлімдеп берді. Сонымен қатар, семинар жұмысына «Ways of developing blended learning college students» тақырыбындағы баяндамасымен № 63 мектеп-гимназиясының ағылшын тілі мұғалімі К.Б.Хаусова қатысты. Семинар аясында  Macmillan Education әдіскері Тереза Догуэлли қатысуымен вебинар өткізілді. Ол «Grammar for pleasure» тақырыбы бойынша презентациясын ұсында. Семинар  қорытындысында келесі ұсыныстар қабылданды:

1.     Тәжірибеге енгізу үшін CLІL әдістемесін зерттеу .

 

2.     CLІL әдістемесін қолдану арқылы тіл пәндерін оқытуда жаңа тәсілдермен танысу.

3.     Біліктілікті арттыру курстары мазмұнының пәнге бағытталған бағыттары арқылы ағылшын тілі пәні мұғалімдерінің әдістемелік дағдыларын дамыту.

 

4.     Үш тілдік оқытуға көшу бағдарламасын жүзеге асыру аясында ағылшын тілі мұғалімдерінің жобалық іс-әрекеттерін белсендіру.

5.     Тіл пәндері шеңберінде оқушылардың зерттеу дағдыларын дамыту.

6.     Оқу пәндерін ағылшын тілінде оқыту мақсатында оқушылар бойында ағылшын тілін игерудің коммуникативтік дағдыларын дамыту.