Біздің филиалдар

"Өрлеу" бос жұмыс орындары

Тарих – ғасырлар куәсі

16.09.2015 pdf_icon 702 pdf_iconPDF ВЕРСИЯСЫН - КӨШІРУ

 14 қыркүйекте Алматы қаласының Б.Момышұлы атындағы №131 мектеп-лицейінде «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Алматы қаласы бойынша ПҚ БАИ «Балалардың жазғы демалысын ұйымдастырудағы инновациялық амалдар» тақырыбы бойынша ұйымдастырған қысқа мерзімді курс басталды. Курстың бірінші күні «Мұғалімнің кәсіби дамуын психологиялық-педагогикалық жетекшілік ету» кафедрасының жетекшісі Ж.Ө.Ахметов қазақ хандығының 550 жылдығына орай «Тарих – ғасырлар куәсі» тақырыбында семинар өткізді. №131 мектеп-лицей оқушыларының Қазақстан Республикасының әнұранын орындауымен ашылған семинар барысында Ж.Ө.Ахметов қазақ халқының тарихындағы маңызды оқиғаларға тоқталды.

 

 Іс-шараға қатысқан «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Алматы қаласы бойынша ПҚ БАИ аға оқытушысы Э.Ө. Бексейтова, Қоғаммен байланыс және баспа қызметі бөлімінің бастығы П.Ө. Асылбек бірліктің, ынтымақтың, тұтастықтың үлгісіндей болған тарихымызды дәріптеп, көнеден келген асыл мұраны қастерлеу, рухани байлығымызды бағалау мақсатында ұйымдастырылған семинардың маңызы мен мазмұны зор екендігін атап өтті.  

 

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы 

Алматы қаласы бойынша ПҚ БАИ

Қоғаммен байланыс және баспа қызметі бөлімі