Біздің филиалдар

"Өрлеу" бос жұмыс орындары

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы «Шығыс Қазақстан облысы бойынша ПҚ БАИ» қызметі туралы 21 қыркүйекке ақпарат

21.09.2015 pdf_icon 769 pdf_iconPDF ВЕРСИЯСЫН - КӨШІРУ

Ұлы Абайға 170 жыл мерейтойына арналған

«Абай даналығының мәйегі – Мәңгілік ел» атты дөңгелек үстел

 

2015 жылдың 15 қыркүйек күні «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы ШҚО бойынша ПҚ БАИ мен С. Аманжолов атындағы ШҚМУ бірлестікте ұйымдастырған Ұлы Абайға 170 жыл мерейтойына арналған «Абай даналығының мәйегі – Мәңгілік ел» атты дөңгелек үстел «Назарбаевтану ғылыми-білім беру орталығында» өтті.

Дөңгелек үстел отырысында институт қызметкерлері  Сейлхан А., ф.ғ.к., ББСБ кафедрасының меңгерушісі «Абай шығармашылығы ұлттық құндылықтардың көрінісі (Эстетикалық категориялар)», Зайсанбаева Г., ф.ғ.к., ТТжӘ кафедрасының меңгерушісі «Абай тағлымдары және білім берудегі аксиологиялық бағыт», Игибаева А., профессор, ф.ғ.к., «Жас ұрпақ бойындағы рухани құндылықтар қалыптастырудағы Абай тағлымының рөлі», Нугуманов Б., ББСБ кафедрасының аға оқытушысы «Абай поэзиясындағы адамгершілік, ізгілік мәселелері» тақырыптарын көтерді.

 

Шараға облыстың 50-ден астам мұғалімдері қатысты. Шара аясында Абай тағылымының бүгінгі ұрпақ тәрбиесіндегі маңызы, ақын шығармаларында ұлттық-рухани құндылықтардың көрініс табуы, заманауи білім берудегі аксиологиялық бағыттың Абай шығармаларымен үндесуі, ізгілік, ақынның гуманизм бағытындағы ойлары ортаға салынып, педагогтер тарапынан қызу талқыға түсті. Шараға қатысушылар заман өзгерсе де, қазақ баласы үшін Абай шығармаларының мәңгілік құндылығына тағы бір куә болғандай.

 

«Бірінші кезекте  мемлекеттік тіл болуға тиіс» деп санайды  американдық профессор

 

17 қыркүейкте  «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ  ШҚО бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру   институтын мен  Шығыс Қазақстан Лингвистикалық  орталығы өзара ынтымақтастық жұмыс туралы жасалған Келісімшарты  аясында  Индиана Университетінің профессоры (АҚШ) Вильям Фиерманмен  кездесу  өткізді. Профессор Вильям Фиерман Қазақ хандығының 550- жылдығына арналған  іс-шараларға  шақыруымен келіп, Өскеменге де  осы шаралар аясында ат басын тіреген екен.

Американдық профессор 1,5 сағат бойы ұстаздар жаудыртқан сұрақтарға   таза,  әдеби қазақ тілінде жауап беріп, жиналған тіл мамандарын таң қалдырды.  Вильям мырза  әзірге 8 тілді ғана: португал, француз, испан, орыс, қазақ, әзірбайжан, қырғыз, өзбек тілдерін меңгергенін айтып, алдағы уақытта  түрік, қытай тілдерінде сөйлеп кетуді мақсат ететінін атап өтті.  Көптілділік бағдарламасы туралы мұғалімдердің  сұрақтарына ғалым: «Өз басым  әр елдің азаматтары, бірінші кезекте, ұлтына қарамастан,  өз мемлекетінің тілін білуге міндетті деп санаймын. Ал ағылшын тілін білу  барша  халыққа  қаншалықты қажет екенін  айту мен үшін  қиын», -деп кесіп айтты.

 

ШҚ Лингвистикалық  Орталықтың директоры Б. Ағажаева мен «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ  ШҚО бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру   институтының баспа бөлімінің бас маманы  Г. Құсманова американдық ғалымға жиналған ұстаздар атынан алғыстарын білдірді.

 

Мүмкіндіктері шектеулі балаларды арнайы оқытуды ұйымдастыру

 

 «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы ШҚО бойынша ПҚ БАИ жалпы білім беретін мектептердің мұғалімдеріне арналған біліктілікті арттыру курсында «Инклюзивтік білім беруді дамыту жағдайында білім беру мазмұны» тақырыбында 11қыркүйек күні Өскемен қаласының «№ 19 орта мектебі» ҚММ базасында «Жалпы білім беретін мектептер жағдайында мүмкіндігі шектеулі балаларды арнайы оқытуды ұйымдастыру формалары» тақырыбында облыстық семинар өтті.

 

Мақсаты – мүмкіндіктері шектеулі балалармен жұмыс істеп жатқан ұстаздардың кәсіби құзыреттілігін дамыту.

Инклюзивті білім беру – оқыту үрдісінде балаға жеке көмек көрсету мен психологиялық-педогогикалық қолдауды қамтамасыз ету. Жалпы білім беретін мектепте мүмкіндігі шектеулі балаларға кедергісіз аймақ құрып, баланың психофизикалық мүмкіндігін ескере отырып құрылатын оқу-тәрбие процесі.

Семинар барысында инклюзивтік оқытуды тәжірибеге енгізіп жүрген ұстаздар сөз алды. Аталмыш мәселелер бойынша Е.Я. Бисерова «Новые подходы в обучении как условие эффективного внедрения инклюзивного образования», Сапарғалиева Ж.И. – «Развитие коммуникативных навыков учащихся на уроках казахского языка и литературы», Зиновьева О.С. – «Применение новых подходов на уроках географии в области инклюзивного образования», Хонина Н.И: «Применение активных и игровых методов обучения учащихся с НОДА на уроках технологии» тақырыбында баяндама жасады. Білім беруді кіріктіре оқытуды қамтамасыз ету, білім беру ұйымдарында ұстаздарды арнайы дайындау қажет екендігін көрсетеді. Педагогтер білім беру ұйымдарында бейімдеу үдерістері мен білім беру технологияларының тиімді әдістерін ортаға салды.

 

Тыңдаушылар мүмкіндігі шектеулі балалармен қазіргі білім беру ұйымдарында вариативті формаларды қолданудың негіздерімен, түзете-дамытып оқытудың психологиялық-педагогикалық технологияларын ілеспелету мәселелерімен танысты.