Біздің филиалдар

"Өрлеу" бос жұмыс орындары

«Білім саласын жаңғырту жағдайындағы педагог біліктілігін арттыру - отандық білім саясатының басты бағыты» тақырыбындағы облыстық семинар қорытындысы туралы

23.09.2015 pdf_icon 710 pdf_iconPDF ВЕРСИЯСЫН - КӨШІРУ

     «Өрлеу» Біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы Атырау облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының жоспарына сай 2015 жылдың қыркүйек айының 18-і күні «Білім саласын жаңғырту жағдайындағы педагог біліктілігін арттыру - отандық білім саясатының басты бағыты» тақырыбында аймақтық ғылыми – практикалық online семинар  өткізілді. 

Семинар  мақсаты -  Отандық білім беру саясатының басты бағытын айқындай отырып,  негізгі мәселені зерделеу, білім саласын жаңғырту жағдайындағы педагог біліктілігін арттыру бағытындағы жұмыстарды жандандыру.

Семинар  жұмысына  Батыс Қазақстан,  Маңғыстау, Атырау облыстарының педагогтары қатысып, білім саласын жаңғырту жағдайындағы педагог біліктілігін арттыру  бағытындағы жұмыстарды жандандыру туралы мәселелер талқыланып, білім беру үрдісінде жаңа технологияны қолданудағы  тәжірибелерін ортаға салды.

 

Семинар жұмысы барысында қойылған сұрақтарға жауап беріліп, қорытындыланып, ұсыныстар қабылданды. Тікелей қатысушыларға сертификат табысталды.