Біздің филиалдар

"Өрлеу" бос жұмыс орындары

Инклюзивті білім беру тетіктері: мәселелері мен келешегі

30.09.2015 pdf_icon 625 pdf_iconPDF ВЕРСИЯСЫН - КӨШІРУ

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қостанай облысы бойынша ПҚ БАИ орта білім беру мазмұнын жаңарту бойынша курс аясында 2015 жылдың 21 қыркүйегінде облысымыздың жалпы білім беретін мұғалімдері үшін «Инклюзивті білім беруді іске асыру тетіктері: мәселелері мен келешегі» тақырыбында джөңгелек стөл өтті.  

Инклюзивті білім беруді іске асыру тетіктері туралы ілімдерін кеңейтіп және бекіту мақсатында жалпы білім беру жүйесінің инклюзивті үрдістерін реттеудің нормативті-құқықтық, мүмкіндіктері шектеулі балаларды табысты әлеуметтендіру мен бейімдеу жағдайларын қамтамасыз ету, мүмкіндіктері шектеулі балаларды оқытудың заманауи педагогикалық технологияларын қолдану бойынша сұрақтары талқыланды.

Дөңгелек стөл кезінде басымдылық мүмкіндіктері шектеулі балалармен жұмыс істейтін мұғалімдердің ролі мен жауаптылығы туралы қозғалды.  Пікірталасқа қатысушылар инклюзивті білім беруді сапалы ұйымдастыру үшін қолданылатын жаңашыл жұмыс түрлерімен оқыту әдістері бойынша тәжірибелерімен бөлісті. 

Пікірталасты тудыру мақсатында Қазақстан Республикасындағы инклюзивті білім беру туралы бейнежазба көрсетілді. Педагогтар инклюзивті білім берудің мәселелері туралы әңгіме қозғап, денсаулықтарында кінарат бар оқушыларды білім беру үрдісіне кіріктіруге қатысты өздерінің жеке ұстанымдарын ортаға салды, мектеп қоғамдастығында өздерін белсенді қатысушысы ретінде сезінуге жайлы жағдай жасау қажеттілігі мен оқушылардың оқуға деген ынталарын арттыра әлеуметтендіру жолдары қарастырылды.  

Дөңгелек стөлді қорытындысы ретінде оқушыларды жекеленген әлеуметтік-психологиялық және түзетулік-педагогикалық жұмыстарын іске асыру бойынша ұсынымдар қабылданды.