Біздің филиалдар

"Өрлеу" бос жұмыс орындары

Инклюзивтік білім беру – келешек бастауы

30.09.2015 pdf_icon 649 pdf_iconPDF ВЕРСИЯСЫН - КӨШІРУ

2015 жылдың 25 қыркүйегінде «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы Қарағанды облысы бойынша ПҚ БАИ №27 ЖББОМ инклюзивтік ресурстық орталығы базасында «Инклюзивті білім беру жағдайында мүмкіндігі шектелген оқушыларды оқыту: проблемалары, шешу жолдары» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.

Қатысушылар: Қарағанды облысының жалпы білім беретін және арнайы (түзету) мектептерінің педагогтары.

Өткізу мақсаты: инклюзивті саясат және тәжірибе негізінде әдістемелік-ұйымдастыру және заңдастыруды таныстыру арқылы инклюзивті білім беру жүйесі туралы қатысушылардың ақпараттандырылу деңгейін көтеру.

Дөңгелек үстел қатысушылары келесі сұрақтарды талқылады:

-       Инклюзия: мүмкіндіктердің теңестірілуі, білім берудің қолжетімділігі;

-       Инклюзивті білім беруді ендірудің алгоритмі;

-       Инклюзивті тәжірибеде психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу;

-       Инклюзивті тәжірибе жүйесінде сабақтан тыс қызметті жүзеге асыруды ұйымдастыру моделі;

ОӘК-нің «Қызыкты грамматика», «Қызықты математика» презентациясы. 

 

«Еркін микрофон» форматында мүмкіндігі шектеулі балаларға толерантты қарым-қатынасты қалыптастыру проблемалары бойынша пікірсайыс өтті.

Дөңгелек үстелдің жұмыс қорытындысы бойынша өтпелі кезеңнің бірінші дәрежелі міндеттері анықталды:

1.       Мүмкіндігі шектеулі балаларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу және иклюзивті білім беруді жүзеге асыру үшін білім беру ұйымдарына арнайы жағдай жасау.

2.       №27 ЖББОМ инклюзивтік ресурстық орталығы базасында инклюзивті білім беруді жүзеге асырушы педагогтарды ғылыми-әдістемелік сүйемелдеу бойынша жұмыстарды жалғастыру.

3.       Мүмкіндігі шектеулі балалар, олардың табысты әлеуметтенуі және бейімделуі үшін бейімделген білім беру бағдарламалары әзірлемесін  қамтамасыз ету.

4.       Инклюзивтік білім беруде және әлеуметтік инклюзияда қатысушы барлық субъектілердің өзара әрекет механизмін жасау.