Біздің филиалдар

"Өрлеу" бос жұмыс орындары

Мейрам алдындағы кездесу

02.10.2015 pdf_icon 699 pdf_iconPDF ВЕРСИЯСЫН - КӨШІРУ

2015 жылдың 29-қыркүйегінде «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Шығыс Қазақстан облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының директоры С. Байхонова, Мұғалімдер күнінің қарсаңында, филиалдың үздік дәріскерлерімен кездесу өткізіп, оларды алда келе жатқан кәсіби мерекелерімен құттықтады.

Директор өз сөзінде Қазақстан Республикасының білім беру мазмұнын жаңғыртудағы дәріскерлердің облыс педагогтерінің біліктілігін арттырудағы зор үлесін, кәсіби еңбектерін атап өтті. Ол осындай бас қосулардың біліктілікті арттыру курстарының сапасын жетілдірудегі көмегіне баса назар аударды. С.З. Байхонова: «Білсеңіздер, соңғы жылдары біздің оқытушылар 180 жаңартылған оқу бағдарламасын жасады, бұл курстық дайындық мазмұнының жаңарғанын көрсетеді. Тест қорытындысы бойынша, тыңдаушыларға, әрине теория да қажет, бірақ олар тәжірибенің көбірек болғанын қалайды», – деп атап көрсетті.

 

Сауле Зайтановна үздік дәріскерлерге шығармашылық ынтымақтастығы, өз ісіне адалдығы және жоғары кәсібилігі үшін алғыс білдірді. Барлық бастамаларына сәттілік пен жетістіктер тіледі.

Ұстаздар мадақтама және алғыс хаттарымен марапатталды. Кездесу курс тыңдаушылары, музыка пәні мұғалімдерінің музыкалық құттықтауымен аяқталды.