Біздің филиалдар

"Өрлеу" бос жұмыс орындары

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Солтүстік Қазақстан облысы бойынша ПҚ БАИ» қызметі туралы 6 қазанға ақпарат

06.10.2015 pdf_icon 1484 pdf_iconPDF ВЕРСИЯСЫН - КӨШІРУ

СҚО филиалы "Білімді ел" республикалық газетінде

 

      Республикалық «Білімді ел - Образованная страна»  (№18 25.09.2015ж.) білімдік қоғамдық-саяси газетінің  «Өрлеу», Солтүстік Қазақстан облысы» айдарында «Дамуға, жұмылуға және бәсекеге қабілетті болуға арналған жаңарулар» тақырыбымен «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы СҚО бойынша ПҚ БАИ директоры, педагогика ғылымдарының докторы, профессор А.Ж. Мырзалинованың, «Инновациялық  технологиялар және жаратылыс-ғылыми, гуманитарлық пәндерді оқыту әдістемесі» кафедрасының меңгерушісі, химия ғылымдарының кандидаты К.Сәбиеваның, «Академиялық бөлімнің» басшысы А. Мырзабаева мен бас маман А. Мейрамованың, «Мектепке дейінгі тәрбие және бастауыш оқыту» кафедрасының аға оқытушылары Р.Кусаинова мен Д. Әбішеванің мақалалары жарияланды.

 

 

      Бұл мақалаларда біліктілікті арттыруды жаңарту жағдайында педагогтердің кәсіби дамуы мен өзіндік дамуының заманауи бағыттары ашылады. Курстық даярлықтың жаңартылған элементтері: дәрісті Дэвид Колбаның эмпирикалық оқыту теориясына сәйкес құру, тыңдаушылардың таңдауы бойынша тағылымдамадан өту, арнайы тренингтер, тренинг үлгісіндегі тәжірибелік сабақтар, эксперименталдық білім беру алаңдарында шеберлік сыныптар өткізу, сандық білім беру контенттерін, сайт ресурстарын қолдану, желілік қоғамдастық арқылы пікір алмасу және көптеген басқа жұмыс түрлері институт үшін педагогтердің кәсіби құзыреттілігін дамытуда жетістікке жетуге мүмкіндік береді.  Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында педагогтердің біліктігін арттыруға қатысты сұрақтар да  мақала мазмұнында қызығушылық тудырған.

 

СҚО: Алғашқы ұстаздардың педагогикалық форумы

 

      Әр адамның жүрегінде ұстаздың алатын орны ерекше. Қолына қалам ұстатып, алғаш әліппені үйреткен мұғалімін жылылықпен еске алмайтын жан бар ма?

      2015 жылдың 1 қазанында «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы «СҚ ПҚ БАИ» «Менің алғашқы ұстазым!» бірыңғай республикалық акциясын өткізу аясында Солтүстік Қазақстан облысының білім беру ұйымдарының ұстаздарына арналған «Алғашқы ұстаз – аяулы бейне!» атты аймақтық форумын өткізді.

      ҚР білім беру мазмұнының жаңартылуы, Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының басым бағыттарын жүзеге асырылуы атаулы іс-шараның өзектілігін айқындайды.

      Форумға мектепке дейінгі ұйымдардың үздік тәрбиешілері, «Алтын белгі» иегерлері, халықаралық интеллектуалды байқау жеңімпаздары мен ғылым, спорт, саясат, өнер саласындағы жеңімпаздарды дайындауға үлес қосқан 180 - нен астам облыстың алғашқы ұстаздары қатысты.

 

      Форумның алғашқы бөлімінде педагогтердің кәсіби біліктілігін, шығармашылығын тәжірибемен ұштастыруға бағытталған «Петропавл қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ директорының орынбасары Д.С. Уәлиевтің бастамасымен құрылған робототехникалық үйірменің шеберлері, «Батыр» балабақшасы педагогтерінің қатысуымен «М.Монтессори және құмды, мандал терапиялық әдістемелері» бойынша шеберлік сыныптар көрсетілді. 

 

      Форумның келесі жұмыс бағытында деңгейлік бағдарламалар орталығы тренерлерінің жетекшілігімен  көшбасшылықтың мазмұнын айқындайтын интерактивті дәріс ұйымдастырылды. Интерактивті дәріс барысында қатысушыларға көшбасшылықтың маңыздылығын анықтауға бағытталған сауалдар қойылды. Атап айтқанда, «Зерттеушілік қызмет негізінде мұғалім қаншалықты кәсіби тұрғыда дамиды деп ойлайсыз?,  Белсенділік танытуда мұғалімнің жеке жұмыс жасау стилі қандай болуы қажет?,  Өмірде кәсіби тұрғыда белсенді әрекет жасау сапалы оқытуға қаншалықты әсер етеді?, Педагог-скаффолдер баланы даму аймағына жетелеуде қандай қасиеттермен көрінуі тиіс деп ойлайсыз?» т.б. мәселелер төңірегінде форум қатысушылары өз тәжірибелерімен бөлісіп, ұтымды жауаптармен белсенділік танытты.

      Дәріс барысында педагогикалық шеберлік бойынша тәжірибеден өтіп жатқан (ТЕА) (Вашингтон қаласы, Колумбия өңірі) филиалдың аға оқытушысы А.Касенова, «№1 Тайынша орта мектебі» КММ Л.Н. Трекоздардың педагогикалық әулеті және  «Ленинград № 2 орта мектеп» КММ, «Акжар leader» желілік қауымдастығының көшбасшысы А.С. Байгожина онлайн режимінде байланысқа шығып, ұстаздарға құттықтау лебіздерін білдірді.

 

      Форумның үшінші бағыты келесі номинациялар бойынша  үздік педагогтерді марапаттаумен ұласты: «Шебер ұстаз», «Зерттеуші ұстаз», «Табысты мұғалім», «Белсенді өмірлік ұстаным», «Педагог-скаффолдер», «Педагог-фасилитатор», «Дені сау ұрпақ», «Алғашқы қадам жетекшісі».

      Форумның қорытынды бөлімінде «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы «СҚ ПҚ БАИ»   директоры, п.ғ.д., профессор А.Мырзалинова институт ұжымының қызметкерлері мен форумға қатысушыларды кәсіби мерекелерімен құттықтап, институт қызметкерлеріне алғыс хаттар табыс етті.

Кабденова А.К., деңгейлік бағдарламалар орталығының тренері

 

СҚО: өз уақытын аямаған, мамандығын аялаған ардагер ұстаздарды құрмет тұтамыз

 

      2015 жылдың 30 қыркүйегінде «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы «СҚО ПҚ БАИ» Халықаралық қарттар күні, Мұғалімдер күніне орай еліміздің білім саласының өркендеуіне үлес қосқан педагогикалық еңбек ардагерлерімен кездесті.

      Биылғы кәсіби мерекенің 50 жыл аталып өткізілгелі отырғаны ерекше.

      Ұстаз – ұлы есім, - деп М.Әуезов айтқандай, ұстаз еңбегі, оның ішінде ардагер ұстаздардың еңбегі өлшеусіз. 

      Мерекелік дастархан басында ардагер ұстаздар қиындығы мен қызығы зор мамандықтың өз өмірлеріндегі алатын орнына тоқталды. Сонымен қатар «Еркін микрофон» пікір алмасу алаңында мұғалімнің жеке адам, қоғамдағы рөлі мен мамандықтың болашағы туралы ой бөлісті. Ардагер ұстаздармен ойындар ойналып, әсем әндер де шырқалды. 

 

      Кездесу барысында Жунусова А.З., «Мектепке дейінгі тәрбие мен бастауыш білім беру» кафедрасының аға оқытушысы, Аблина Қ.М., қоғаммен байланыс және баспа қызметінің бас маманы, Тұрсынбеков А.Ж., ақпараттық технология бөлімінің маманының орындаған әндері ардагер ұстаздарға зор шабыт берді.

 

      Білім берудің мазмұнын жаңарту жағдайында мұғалімге жүктелер міндет те зор. Мұғалімнің кәсіби құзіреттілігі, ұйымдастырушылық шеберлігі, қоғамдық белсенділігі, көшбасшылық қасиетінің болуы – қазіргі заман талабы. Осы бағыттағы жұмыстарды жүзеге асыруда «СҚО ПҚ БАИ» тарапынан барлық жағдай жасалған. Ардагер ұстаздар еліміздің білім беру жүйесіндегі тың өзгерістер, осы бағыттағы «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы «СҚО ПҚ БАИ» атқарып жатқан игі істері олардың жүрегінде қуаныш орнатып, зор сенім ұялататынын мақтанышпен атап өтті және Мырзалинова А.Ж. басқарған ұжымға өз алғыстарын білдірді.

      Ардагер ұстаздарға БАИ қызметі, тынысы туралы бейнефильм көрсетілді.

      Кездесу барысында қонақтар жастық дәурендерін еске түсіріп, әсерлі әндер де айтты.

      Бұл күн кешегі ұстаз бен бүгінгі ұрпақтың сабақтастығын жалғастыратын күн болғаны сөзсіз. Өз уақытын аямаған, мамандығын аялаған ардагер ұстаздарымызды ұлықтау – басты міндетіміз деп білеміз.

Байкенова С.Ж., «Инновациялық технологиялар және

жаратылыстану-ғылыми, гуманитарлық пәндерді оқыту әдістемесі»

кафедрасының аға оқытушысы

 

СҚО: «Педагогикалық дуэт» облыстық кәсіби шеберлік байқауы

 

      «Өрлеу»  БАҰО» АҚ филиалы СҚО бойынша ПҚ БАИ-да Мұғалімдер күні қарсаңында 2015 жылғы 30 қыркүйек күні ««Педагогикалық дуэт» кәсіби шеберлік байқауының күндізгі кезеңі  өтті. Жартығасырлық тарихы бар бұл мереке қарсаңында өткен байқауда ұстаздар арасындағы дәстүр жалғастығын сақтау ойы негізге алынды.   Осыған орай       байқауды ұйымдастырушылардың алдына қойылған мақсаты - тек дарынды педагогтер-тәлімгерлерді мен жас мамандарды анықтап қана қоймай, сонымен қатар білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында жас маманға кәсіби-тұлғалық  көмек беру, қолдау. 

      Байқаудың күндізгі кезеңіне сырттай кезеңнің 29 жұптың 14 педагогикалық жұп бақ сынады (салыстыру үшін: 2014 жылда сырттай кезеңінде 24 жұп қатысып, 8 жұп облыстық кезеңге іріктеп алынды). Байқау 3 кезеңнен тұрды. 1 кезең - «Визит карточкасы». Бұл айналымда сайыскерлер өздерінді креативті түрде таныстырды.  Қазылар алқасының назарында жұпта жұмыс істеуі, бір-бірінді сезінуі  болды. 2  кезең – «Сабақтың шағын тұсаукесері».  Сайыскерлер дидактикалық мәдениетінің игеру деңгейін көрсетіп, сонымен қатар тек пәннің білуі ғана емес, жалпы мәдениетін, эрудицияны, педагогикалық артистизмді көрсетті. 3 кезең -  «Бос тақырыпқа лекция-диалог».  Осы сайыста қатысушылар аудиторияға әсерін тигізетін эмоциялық дәрежені сақтай отырып, көлемді ақпаратты қысқаша түрінде көрсету мүмкіндіктерге ие болды. 

      Қазылар алқасы облыс мұғалімдері арасында үлкен құрметке ие болған кәсіби мамандардан құрылды. Олардың алдына қойған мақсаттың бірі қатысушылардың жұмысына  әділ бағасын беру. Қазылар алқасының шешімі бойынша ең дарынды және кәсіби қатысушылар жүлделі орындарға иеленді.

          3-орын Жамбыл ауданының «И.П.Шухов атындағы Преснов орта мектеп гимназиясы» КММ қатысқан Ю. Б.Горобченкоға мен К.В. Долотинаға берілді.

          2-орынды Петропавл қаласының № 21 орта мектебінің мұғалімдері Л. П. Мурина мен В.В. Лысенкова жеңіп алды.

Байқаудың жеңімпаздары, яғни 1-орын иегерлері – Мамлют ауданының Воскресеновка орта мектебінен келген  Л. И. Андрюхина мен И.Р. Рахматулин болды.

 

        Қоғамдық қазылар алқасы номинациялар бойынша ерекшеленген жұптарды анықтады:

  • «Педагогикалық ашықтық-дуэт» - Г.С.Темірғалиева, М.С.Сейтқалиева (Қызылжар ауданы, «Парасат» мектеп-лицейі)
  • «Интеллектуалдық педагогикалық дуэт» - О.С. Нұрпеисова, Е.С. Ильченко (Аққайың ауданы, Шағлы орта мектебі)
  • «Бірегей тұлғалардың педагогикалық дуэті» - Л.А.Малышева, М.А. Давыдова (Айыртау ауданы, Имантай ОМ)
  • «Креативті педагогикалық дуэт» А.С.Байгожина,  С.А. Жандыбаева (Ақжар ауданы, № 2 Ленинград  ОМ)
  • «Көрермендер ықыласына» ие болған педагогикалық дуэт – Петропавл қаласының «Ақ Көгершін» бөбек-жай бақшасының тәрбиешілері М. П.Лазарева,  Ю.А.Борзенко 

Байқауға қатысушылар мерекелік, достық, шеберлікті тудыратын атмосфераны ерекше белгіледі.

Инновациялық дамытудың әдістемелік

қамтамасыздандыру бөлімінің маманы  Ж.Ж.Айгужина