Біздің филиалдар

"Өрлеу" бос жұмыс орындары

СҚО: «Мен - мейірімділік» акциясы, «Жас Ұрпақ» бастамасымен

07.10.2015 pdf_icon 707 pdf_iconPDF ВЕРСИЯСЫН - КӨШІРУ

2015 жылдың 16 қыркүйегінен 5 қазан аралығында Қазақстандағы мүгедектер күніне орайластырылған «Өрлеу» БАҰО АҚ  СҚО бойынша ПҚ БАИ мүмкіндіктері шектеулі балалар үшін материалдық көмек көрсету мақсатында «Жас Ұрпақ» жастар орталығының бастамасы ұйымдастырған «Мен - мейірімділік»  атты қайырымдылық акциясы өтті.

Филиал директоры А.Ж. Мырзалинова бастаған, филиал қызметкерлері және бастауыш сыныптарының мұғалімдері берілген акцияға немқұрайлық танытпай, белсенді қатысты. Өйткені, әрқайсымыз мұқтажға көмек арқылы, өзімізді, балаларымызды қатыгездіктен, немқұрайлықтан,  айналамыздағы адамдарға деген ықыласы мен көмегін, адамгершілік қарым-қатынастарын білдіреді. 

Акция қорытындысы бойынша жиналған барлық заттар Солтүстік Қазақстан облысы ата-аналар мен бала жастан бергі мүгедек балалар ұйымының төрайымы -  Е.М. Андрееваға тапсырылды. Берілген ұйымның міндеті – денсаулықтарында ОЖБ ақаулығы бар мүмкіндіктері шектеулі балалардың әлеуметтік бейімделуі,  өмірлік әрекет арасында төтеп беруі, сондай-ақ, мүгедек – балалар отбасындағы әлеуметтік және тұрмыстық жағдайларды шешу болып табылады.  Ата-аналар мен мүгедек балалар ұйымының бақылауында әр түрлі жастағы 23 бала бар.

 

Өз сөзінде  Екатерина Андреева  балалар мен олардың ата-аналары атынан «Өрлеу» БАҰО АҚ  СҚО бойынша ПҚ БАИ  кезекті ықыласы үшін, үлкен алғыстарын білдірді. 

 

Барлық «Мен - мейірімділік» атты қайырымдылық акциясының қатысушыларына алғысымды білдіремін. Мүмкіндігі шектеулі адамдарға қамқорлық көрсету – әлеуметтің парызымыз екенін айтқым келеді. Ал Мемлекет басшысының Жолдауынан туындаған тапсырмаларының орындалуын қамтамасыз ету – біздің міндетіміз.

 Айнагуль Кабдирова,  ақпараттық технологиялар бөлімінің маманы,

«Өрлеу» БАҰО АҚ  СҚО бойынша ПҚ БАИ «Жас Ұрпақ» ЖОБ президенті

 

 

 

 

Жаратылыстану-математикалық бағыттағы бейінді сыныптарда математикалық білім беру мәселелері

 

Кез келген елдің басты байлығы  – бұл адами капитал, ал оның дайындау мен дамытудың  негізгі құралы мектеп, мұғалім болып табылады. Сондықтан   жас ұрпақты тәрбиелеу мен білім беру жүйесіндегі істер өзекті де маңызды болып саналады.

Заманауи мектептің басты міндеттерінің бірі –  әрбір оқушының бойындағы шығармашылық қабілетті дамыту,  бәсекеге қабілетті тұлғаны тәрбиелеу.

Бүгінгі таңда мектептің оқу-тәрбие үдерісіне оқытудың жаңа идеялары мен түрлерін енгізу маңызды, өйткені оқыту мен тәрбиенің дәстүрлі формалары оқушының ақпараттық-танымдық, әлеуметтік және тұлғалық құзіреттіліктерін қамтамасыз етеді.

 

2015 жылдың 2 қазанында «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы «СҚО ПҚ БАИ-да «Содержание и методики обучения в профильных  классах естественно-математического направления» тақырыбында  бірінші және жоғарғы санатты математика пәні мұғалімдері үшін ұйымдастырылған 72 сағат көлеміндегі біліктілікті арттыру курсы аяқталды.

Курс бейінді сыныптарда  математиканы оқытуда инновациялық әдістер мен тәсілдерді игерту мақсатында жүргізілді. Дәріс барысында курс тыңдаушылары қазіргі білім берудің басым бағыттарын жүзеге асырудағы теориялық біліммен қаруланды. Сонымен қатар теориялық білімді тәжірибемен ұштастыру мақсатында математика сабақтарында және сабақтан тыс уақытта оқушылардың өзіндік зерттеушілік әрекетін ұйымдастырудың қазіргі амалдары, оқушылардың сын тұрғысынан ойлауын дамытудың мәселелері қарастырылды. Тәжірибелік жұмыстар математика сабағын әзірлеуде педагогтердің шығармашылық әрекетін  дамытуда оқытудың белсенді стратегияларды қолдануға бағытталды.

 

ЛОРД дарынды балаларға арналған облыстық мектеп-лицейінің математика пәні мұғалімдері өткізген сабақтар педагогтардың  кәсіби біліктіліктерін шыңдауда зор мүмкіндік берді. Курс тыңдаушылары математика сабақтарында оқытудың белсенді  әдістері мен PISA халықаралық зерттеуіне сәйкес мектеп оқушыларының функционалдық математикалық сауаттылығын қалыптастырудың тәсілдері бойынша талдаулар жасап, пікір алмасты.

Курс тыңдаушылары біліктілікті арттыру курсының маңыздылығы мен жан-жақты ұйымдастырылғанын атап өтті.

 

«Инновациялық технологиялар және жаратылыстану-ғылыми,

гуманитарлық пәндерді оқыту әдістемесі» кафедрасының

аға оқытушылары  Корчевский В.Е.,  Медведева О.М.