Біздің филиалдар

"Өрлеу" бос жұмыс орындары

Интербелсенді әдістер арқылы функционалдық сауаттылықты дамыту

12.10.2015 pdf_icon 668 pdf_iconPDF ВЕРСИЯСЫН - КӨШІРУ

2015 жылдың 9 қазанында «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы ШҚО бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының Тұлғаны тәрбиелеу және әлеуметтендіру кафедрасы «Оқу-тәрбие үдерісінде интербелсенді әдістер арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту» атты облыстық семинар өткізді. Семинарға отыздан астам ұстаз қатысты, олар облыс және Өскемен қаласының мұғалімдері.

Мақсаты: оқу-тәрбие үдерісінде интербелсенді әдістерді пайдалана отырып, оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытудың жолдарын көрсету. Семинар жұмысына кафедраның аға оқытушылары Кусайын Д.Б. мен Камзина А.Н. модераторлық қызмет жүргізді.

 

Модераторлар педагогтердің кәсіби қарым-қатынасқа түсуіне, өзін-өзі жетілдіруге, шығармашылық әлеуетінің өсуін ынталандыруға жағдай жасады. Семинарды ТТжӘ кафедрасының меңгерушісі Зайсанбаева Г.Н., ф.ғ.к., «Жаңартылған білім беру мазмұны аясында оқу сауаттылығын дамыту мәселелері» атты баяндамасымен ашты. Ол өз сөзінде қазақ тілі пәнін оқытуда қолданылатын интербелсенді әдіс-тәсілдерді тиімді қолдану арқылы оқушылардың тілдік құзыреттілігін қалыптастыру жолдарына токталды.

 

Бас қосу барысында төрт шеберлік-сыныбы өтті. Оларды ТТжӘ кафедрасының аға оқытушылары Кусайын Д.Б. мен Камзина А.Н. және Өскемен қаласының мұғалімдері өткізді. Олар: М.Д. Жағықпанова, оқу ісі меңгерушісі, Б. Қобықбаева, бастауыш мектеп мұғалімі, «Көпбейінді №3 мектеп-гимназиясы» ММ, Жиенбаева Д.Б., қазақ тілі және әдебиеті мұғалімі, Өскемен қ. «№1 орта мектебі» ММ, Исаханова Г.М., қазақ тілі және әдебиеті мұғалімі «Дарынды балаларға арналған Жамбыл атындағы облыстық мамандандырылған мектеп-гимназия-интернаты» ММ. Қатысушылар топтық жұмыстың тиімді қолдану жолдарын мәтінмен жұмыс істеу арқылы көрсетіп, ортақ мәселені белсенді талқылады. Бастауыш мектеп және қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдері сауаттылықтың түрлеріне тоқталып, өмірде осы сауаттылықтарды қолдана білу дағдыларын қалыптастырудың жолдарын талқылады.