Біздің филиалдар

"Өрлеу" бос жұмыс орындары

Өрлеу әнұранының тұсаукесері

29.10.2013 pdf_icon 1017 pdf_iconPDF ВЕРСИЯСЫН - КӨШІРУ

Гимн "Өрлеу" 

«Өрлеу» Біліктілікті арттыру ұлттық орталығының бір жылдығын тойлау аясында біздің институтта осы мерекеге арналған бірқатар іс-шаралар өткізілуде. Мерейтой аясында конференциялар, семинарлар, шығармашылық фестивальдерінің мерекесі, облыстың үздік педагогтерінің сабақтарын ұсыну және одан да басқа іс-шаралар болып жатыр. Бүгінгі күннің іс-шарасының бірі және бірегейі деп те айтуға болады, өйткені, ол -"Өрлеу" БАҰО" АҚ филиалы "СҚО ПҚБАИ" әнұранының тұсаукесеріне арналды.

Әнұранның авторлары облысымыздың мұғалімдері. Ол Рамазанова Гүлшат Муслимқызы, Жамбыл ауданы Благовещенка №2 ОМ тарих пәні мұғалімі, Коноплев Василий Георгиевич, Петропавл қаласы, Бірінші жалпы білім беру лицейінің орыс тілі мұғалімі. Әнін жазған Шеффинг Елена Николаевна, М.Қозыбаев атындағы СҚМУ музыкалық пәндер кафедрасының оқытушысы.   

 

Мереке жоспарында курстық даярлық мерзімінде оқуда жүрген мұғалімдердің, қонақтардың, өлең авторларының қатысуы қарастырылған. Құттықтау сөз БАИ директоры А.Ж.Мурзалиноваға берілді.

 

«Өрлеудің» бір жылдығы мерекесінің қорытындысы біздің институт педагогтарының әнұранды орындауы болды.