Біздің филиалдар

"Өрлеу" бос жұмыс орындары

Халықаралық байқаудың жеңімпаздарымен кездесу

12.10.2015 pdf_icon 586 pdf_iconPDF ВЕРСИЯСЫН - КӨШІРУ

«Өрлеу» Біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» Акционерлік Қоғамының қолдауымен Алматы қаласы бойынша Педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтында 2015 жылдың 17-20 наурыз аралығында Қазақстан, Оңтүстік Осетия, Абхазия, Приднестровье және ТМД мемлекеттеріндегі «Ресейлік білім беру» аясында халықаралық деңгейде орыс тілі апталығы ұйымдастырылды. Бұл апталыққа Алматы қаласының мектептерінен 128 мұғалім қатысты. 

Апталық аясында «Образцовое владение русским языком» атты педагог қызметкерлерінің кәсіби шеберліктерінің байқауы өтті. Байқаудың қорытындысы бойынша халықаралық байқаудың келесі кезеңіне жолдама алған орыс тілі және әдебиеті пәні мұғалімдері Алдонова Н.П. (№ 54 МГ), Кузнецова Н.В. (№ 79 Г) және Мусырманова Ф.А. (№74 Г) қыркүйек айында Мәскеу қаласында өткен байқауға қатысты. 

Қазақстан, Оңтүстік Осетия, Абхазия, Приднестровье және ТМД мемлекеттерінің тіл мамандары үшін Мәскеуде ұйымдастырылған халықаралық деңгейдегі конкуста Қазақстанның атынан байқауға қатысқан Алматы қаласының мұғалімдері біліктілігімен ерекшеленді. №54 мектеп гимназиясының орыс тілі және әдебиеті пәні мұғалімі Алдонова Нина Петровна жүлделі орынға ие болды. 

 

Байқау жеңімпаздарының жетістіктерін әйгілеу мақсатында 2015 жылдың 8 қазанында «Өрлеу» Біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» Акционерлік қоғамының филиалы Алматы қаласы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтында кездесу өткізілді. Іс-шара барысында Алматы қаласы бойынша ПҚ БАИ директор м.а. Садвакасова Р.А. Мәскеу қаласында өткен байқауға Қазақстанның атынан қатысқан жеңімпаздарды құттықтап, ізгі тілегін білдірді. Р.А.Садвакасова өзінің құттықтау сөзінде «Ресейлік білім беру және орыс тілі апталығының» мақсаты орыс тілінің функционалдық маңыздылығын көтеру Ресей мен Қазақстан халықтары арасындағы өзара түсіністіктің нығаюына және екі елдің білім берудегі тығыз қарым-қатынас орнатуына ықпал ететіндігін атап өтті. Мәскеу қаласында өткен байқаудың қатысушылары Қазақстанда көптілділікке көңіл бөлінетінін ерекше атап айтты. Соның нәтижесінде қазақстандық мұғалімдердің халықаралық маңызды байқауларға қатысуға мүмкіндіктері бар, сонымен қатар орыс тілін дамыту әртүрлі ұлттар арасында ынтымақтастық пен бірегейліктің нығаюына ықпал ететінін факторлардың бірі екенін айтты.

 

Алматы қаласы бойынша ПҚ БАИ

Қоғаммен байланыс және

баспа қызметі бөлімі