Біздің филиалдар

"Өрлеу" бос жұмыс орындары

Кәзіргі мектепте музыка пәні

14.10.2015 pdf_icon 618 pdf_iconPDF ВЕРСИЯСЫН - КӨШІРУ

      «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қостанай облысы бойынша ПҚ БАИ» Қостанай қ. мемлекеттік тілде білім беретін №10 орта мектебінде «Білім беру мазмұнын жанарту жағдайында білім беру ұйымдарының музыка мұғалімдерінің кәсіби құзыреттіліктерін дамыту» көшпелі тәжірибе сабақтарын өткізді. Тәжірибе сабақтары музыка мұғалімі – бұл «қайтарымды адам», оның бойында ағартушылық жұмысқа деген құштарлығы бар деген ұранмен өтті. 

      Астана қаласы «Педагогикалық шеберлік орталығыында» орта білім беру мазмұнын жаңарту аясында қазақ тілінде оқытатын мектептердің музыка пәні бойынша біліктілігін арттыру бағдарламасы бойынша оқу курсынан өткен бастауыш сынып мұғалімі Мұханова Айман шеберлік сынып өткізді. Орындаушылық музыкалық әрекеттің әр түрі (хор, ансамбль және жеке орындау, ұжымдық аспаптық орындау, музыкалық-пластикалық әрекет) курста жүрген тыңдаушылардың музыкалық-шығармашылық қабілеттерінің ашылуына, өздерін қабілетті және талантты сезінулеріне мүмкіндік берді. Шеберлік сыныптың ерекшелігі стартерлер (сабақтың ұйымдастыру кезеңінде қолданылатын) болды, олар мұғалімге оқушыны қызықтыруға, шығармашылық сабаққа енуге көмек береді. 

 

Курс тыңдаушылары музыкалық жадыны сақтауға мүмкіндік беретін инновациялық әдістемеліктер мен технологияларды қолдану маңыздылығын, қазақстандық өскелең ұрпақтың рухани мәдениетінің бір бөлігі ретінде музыкалық мәдениеттің негізін қалыптастырудың маңыздылығын атап өтті.