Біздің филиалдар

"Өрлеу" бос жұмыс орындары

Қалалық семинар: «Мәңгілік ел – жаңа форматтағы алтын

16.10.2015 pdf_icon 580 pdf_iconPDF ВЕРСИЯСЫН - КӨШІРУ

2015 ж. 12-қазанда «Отбасының тәрбиелік әлеуетін көтеру бойынша сынып жетекшілерінің кәсіби құзыреттілігін дамыту» атты сынып жетекшілеріне арналған курс аясында Алматы қаласының Бостандық ауданындағы №63 ЖББМ базасында «Мәңгілік ел – жаңа форматтағы алтын ғасыр ойлау жүйесі» тақырыбында қалалық семинар өтті.         

Елбасының «Нұрлы жол» және «100 нақты қадам» бағдарламаларын қолдау мақсатында «Қуатты Қазақстан» қорының президенті Әуелбай Мұхит Асанұлы мен «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Алматы қаласы бойынша ПҚ БАИ аға оқытушысы, курс жетекшісі Ракишева Анар Ерубайқызының бастамасымен семинар аясында «Бір күнде – бір жақсылық жасайық: 1+1+...» акциясы ұйымдастырылды. Сонымен қатар семинар барысында ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың БҰҰ 70-ші сессиясында сөйлеген сөзіндегі әлемдегі бейбітшілікке қатысты «қаржыны соғыс емес, бейбітшілікке жұмсау» туралы тұжырымдарын қызу қолдап, өз пікірлерін білдірді.