Біздің филиалдар

"Өрлеу" бос жұмыс орындары

2015 жылдың үздік педагогтары

19.10.2015 pdf_icon 553 pdf_iconPDF ВЕРСИЯСЫН - КӨШІРУ

      «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қостанай облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты «Қазақстан-Қостанай» облыстық телерадиокомпаниясының баспасөз орталығында республикалық және облыстық бұқаралық ақпарат құралдарының қатысуымен «2015 жылдың үздік педагогы» республикалық байқауының жеңімпаздарымен брифинг өткізді.  

 

      «Үздік педагог» педагогикалық шеберлік байқауы төрт жыл қатарына педагогикалық мамандықтың мәртебесін асыруда. 

 

      «Үздік педагог - 2015» республикалық байқауына қатысқан 297 мың  мектеп мұғалімдері мен 45 мың колледж оқытушылары арасында біздің де қатысушылар болды. Қазақстан Республикасының үздік педагогтары: мектепке дейінгі және орта білім беру жүйесінде Рудный қ. №7 ОМ қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі Бирманова Кымбат Исламбековна болса, техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінде Қостанай политехникалық колледжінің арнайы пән оқытушысы Риженко Екатерина Тереньтевна жеңіске жетті.

      Брифинг барысында республикалық сырттай байқаудың жүлдегерлері өздерінің педагогикалық қызмет жүйесімен таныстырды. Кымбат Исламбековна мен Екатерина Тереньтевна өз педагогикалық практикасында инновациялық технологияларды белсенді қолданады, олар әдістемелік құралдардың авторлары, олардың оқу-әдістемелік кешендері үлгі-өнеге болып табылады. Біздің жеңімпаздарымыз еңбекқор, шешен де парасатты тұлғалар, бұл өз алдына оқу үрдісін қызықты да танымды ұйымдастыруға өз ықпалын тигізеді.