Біздің филиалдар

"Өрлеу" бос жұмыс орындары

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Солтүстік Қазақстан облысы бойынша ПҚ БАИ» қызметі туралы 19 қазанға ақпарат

19.10.2015 pdf_icon 1406 pdf_iconPDF ВЕРСИЯСЫН - КӨШІРУ

Педагогтар біліктілігін арттыру – уақыт талабы Егемен Қазақстан.-2015.-№197 (15 қазан)

Қоғам дамуында балабақша, мектеп, колледж және жоғары оқу маңызды рөл атқаратыны айтпаса да түсінікті. Осыған байланысты алдымызда педагогтардың кәсіби-тұлғалық келбетін толыққанды қа­лыптастырудың іргелі міндеттері тұр. Өйткені, бүгінгідей жаһандану үрдісінде ескі әдіс-тәсілдерді қол­дану тоқырауға ұрындырады, ал жаңашылдыққа ілесу өте қиын. Педагог курстық даярлықтан жоғары оқу орнын тәмамдаған соң үш-бес жылдан кейін ғана өтетінін ескерсек, проблемаларды кешенді түрде шешу арқылы ғана табанды нәтижелерге жете аларымыз анық.

 

Осы тұрғыдан әңгіме қозғайтын болсақ, педагогтар қоғамда кәсіби құзыреттілігімен, азаматтық белсенділігімен, сая­си сауаттылығымен, көшбас­шы­лы­ғымен, «зияткерлік адал­ды­ғы­мен» ерекшеленуі тиіс. Бү­гінгі күні «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының алға қойып отырған басты талабы осы. Биылғы оқу жылы ұстаздар қауымы үшін өзгеше леп-тыныспен басталды. Біріншіден, білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мем­лекеттік бағдарламасы дәйекті түрде жүзеге асырылып келеді. Екін­шіден, «100 нақты қадам» Ұлт жоспары нақты талаптар қойып отыр. Үшіншіден, жалпы білім беру мектептеріне «Назарбаев зияткерлік мек­теп­тері» дербес білім беру ұйым­дары тәжі­рибесін жүйелі-бейім­деп тарату және білім беру маз­мұнын жаңарту жағдайында жұмыс атқарудамыз. Білім жүйе­­сіндегі барлық жаңарудың тұ­жырымдамалық негізі – Қазақ­стан халқын біріктіретін жал­пы ұлттық «Мәңгілік Ел» идеясы. 

Сала жүйесі мазмұнының өзгеруі педагогтардың кәсіби-бағдарлық білімін арттыруға бағытталған. Осы­ған орай білік­тілікті арттыруда тікелей оқы­тудан жеке байланыс арқылы білім жүйесіне ауысу өз жемі­сін беретініне сенімдіміз. Педа­гогтардың кәсіби дағдысын да­мыту үшін филиал оқытушылары корпоративтік және ұжымдық оқыту, белгілі ортамен жағымды әрекеттестік, оқу әрекетін жеке құру мен өзіндік дамытуды үйрету, ментальды карт пен портфолио, тағы басқа технологиялар кеңінен қолданылады. Бұл әдістемелер заманауи білім берудің сұраныстарына сай мұғалім мен оқушы тұлғасының эмоциялық көңіл-күйін, ойлау мен есте сақтауын өмірлік және әлеу­мет­тік дағдылармен біріктіруге зор мүм­кіндіктер береді. Мұндай ізденістер елімізде білім беру маз­­­мұнын жаңарту бойынша ен­гізіліп жатқан айлық курстарда жү­йелі қарастырылады. Жалпы білім беретін және коррекциялық мектептерден 75 педагог-психо­лог осындай даярлықтардан өтті. Тағы бір атап өтетін жайт, бі­лім беру мазмұнын жаңарту шең­бе­рінде ұйымдастырылатын дәс­түрлі 2 апталық курстар екі есе­ге ұзартылатын болады. Ол үшін «Назарбаев зияткерлік мек­те­бі» педагогикалық шеберлік орта­лы­ғында «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы оқы­тушылары арасынан 264 тренер дайындалды, оның 13-і біздің филиалдан. Сонымен қатар, біздің бөлімшеге білім беру мазмұнын жаңарту бойынша биология, химия мұғалімдеріне арналған курс бағдарламасын әзірлеу сеніп тапсырылды.

Филиалда жобаларды көпшілік алдында қорғау тәжірибесі де жиі қолданылады. Мұның өзі тың­даушылардың инновациялық-зерт­теушілік әлеуетін неғұрлым тиімді пайдалануға үлкен септігін тигізері сөзсіз. Осы мақсатпен Ре­сейдің Санкт-Петербург қала­сындағы пе­дагогикалық білім беру академиясымен, Мәскеу ашық білім беру институтымен өзара ынтымақтастық туралы келісімге қол жеткізілді. Қазіргі таңда 50 мұғалім «Назар­баев зияткерлік мектебі» педа­го­гикалық шеберлік орталығы мен Кембридж университетінің бі­лім беру факультетімен бірлесіп әзірлеген деңгейлік бағдарламалар бойынша курстық даярлықтан өту­де. Аталмыш курстың бас­ты өзге­шелігі – мұғалімдерді оқы­ту нәтижесі бойынша ал­ғаш рет тәу­елсіз сараптама ен­гізілуінде. Бұл курстарды облыстан 1485 мұғалім бітірді. Оларға оқыту үдерісіне жаңа әдістер мен технологияларды енгізу, оқушыларға сапалы білім беру сияқты талаптар жүктеліп отыр. Қазақстан Республикасы бі­лім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мем­ле­кеттік бағдарламасының PISA халықаралық салыстырмалы зерт­теуінде оқушылардың жоғары нә­тижеге қол жеткізу бойынша көр­сеткіштерді орындау үшін 832 сол­түстікқазақстандық мұғалім өз біліктіліктерін жетілдірді. Биыл мемлекеттік тапсырыс бойынша 1125 педагог кәсіби шеберлігін арттырса, жыл соңына дейін тағы 525 ұстаз осындай даярлықтан өтеді. Бюджеттік курстармен қатар филиал шарт негізінде де жұмыс істейді. Есіл, Айыртау, Ақжар, Жамбыл, Уәлиханов, Мам­лют, Тайынша, Мағ­жан Жұ­мабаев және Ғабит Мү­сірепов атындағы аудандарда көш­пелі курстар ұйымдастырылып, 539 мұғалім қамтылды. Тағы бір жаңа­шылдығымыз – білім беру ұй­ым­дарының педагогикалық ұжы­­­мына корпоративтік курстар өт­кізу. Аталмыш курстар Мағжан Жұ­мабаев ауданының Возвышенка, Есіл ауданының Ильинка, Петро­павл қаласының №2, №4 орта мек­тептерінде, медициналық колледжде, Мамлют санаторий мектеп-интернатында ұйымдастырылды.

Ұлт жоспарының 89-қадамына сәйкес қазіргі уақытта «2015-2020 жылдарға арналған үштілді білім беруді дамытудың жол картасы» жобасы қарастырылуда. Бәсекеге қабілеттілікті арттыру және адами капиталды дамыту үшін Қазақстан Республикасында білім берудің барлық деңгейлерінде үштілділікті оқытуды кезең-кезеңмен енгізу қамтамасыз етіледі. Ол бойынша жоғары сыныптарда жара­тылыс­тану-математикалық ба­ғыттағы (физика, биология, химия, ақпараттық-коммуникативтік технология) пән­­дерді ағылшын тілінде оқыту мақ­саты тұр.

Облыстық педагогикалық қыз­меткерлердің біліктілігін арттыру институты еліміздегі 17 фи­лиалдың арасында тоқсан сайын өткізілетін рейтинг нәтижесі бойынша 2014 жылдың соңғы тоқсанында – 2-ші, биыл бірінші жартыжылдықта 1-ші орынды жеңіп алуы жұмысымыздың жемісін көрсетсе керек.

Ұлы ойшыл Конфуцийдің: «Ес­кіден қол үзбей-ақ жаңалықты аша білген ғана жақсы мұғалім болады», деген сөзі бүгінгі білік­тілікті арттыру жүйесіне сай келеді. Заманға сай біліктілікті арттыру мақсатында білім беруді жаңарту үдерісін үзілді-кесілді нұсқаулыққа және жалаң ұранға айналдырмай, қарқынды және қызықты, мазмұнды жұмыспен толықтыру маңызды.

                                                                           

 Алма МЫРЗАЛИНОВА, Солтүстік Қазақстан

                                                                облыстық педагогикалық кадрлардың біліктілігін

                                                                                             арттыру институтының директоры,

                                                                    педагогика ғылымдарының докторы, профессор.

                                                                                                                                 ПЕТРОПАВЛ.

 

 

Критериалды бағалаудың жаңа моделі – СҚО жетекші мектептері

 

Елбасымыз  Нұрсұлтан Назарбаев «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 76 қадамына сәйкес  бес институттық реформаны жүзеге асыру бойынша ағымдағы жылдың 1-қыркүйегінен бастап Қазақстанның 30-дан астам пилоттық мектептерінің 1-сыныптарында біздің еліміз үшін маңызы бар бастауыш білім берудің жалпыға міндетті мемлекеттік стандарты мен жаңартылған білім беру мазмұнының оқу бағдарламасын бейімдеуден (апробациядан) өткізу жобасы қолға алынды.

Жаңартылған білім беру мазмұнын бейімдеуден өткізу үшін 3 533 бірінші сынып оқушылары, 145 бастауыш сынып мұғалімдері, 286 пән мұғалімдері қатысады. 

Солтүстік Қазақстан облысынан бұл пилоттық жобаға екі мектеп –Петропавл қ. «№16 орталау мектебі» КММ мен М.Жұмабаев атындағы ауданның «Сарытомар орта мектебі» КММ мұғалімдері мен оқушылары қатысады.

Мұндай  салмақты  сынақ үлкен дайындықты қажет етеді. Осыған орай 2014 жылы филиалда  бастауыш білім берудің (12 жылдық) оқу бағдарламасын бейімдеу,  білім беру мазмұнын жаңарту бойынша пилоттық жобаны енгізуге мектептерді даярлау, мониторинг жүргізу, ұйымдастыру-әдістемелік менеджментін диагностикалау, мұғалімдердің біліктілігін арттыру, ата-аналардың қоғамдағы рөлін анықтауға арналған сапалы бейімдеу үдерісін жүргізу үшін мектептермен біріккен жұмыс жоспары әзірленді және қол қойылды.

Петропавл қаласының №16 орталау мектебінің жоспарға сәйкес  «Қазіргі мектептердің білім беру кеңістігінің аясындағы бағалау жүйесі»  (НЗМ мен пилотты мектептердің тәжірибесі) тақырыбы бойынша коуч-сессия өтті. Осы сессияда критериалды бағалаудың жаңа моделі қарастырылды.

Сессия жұмысында НЗМ тәжірибесін тарату және сынақтан өткізу бойынша пилотты мектептердің  және бастауыш білім беру оқу бағдарламасын сынақтан өткізу бойынша жетекші мектептердің экспериментатор -мұғалімдері, сонымен қатар «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы СҚО бойынша ПҚ БАИ-ң оқытушылары мен тренерлері  белсенді ат салысты.

Сессияға қатысушылар келесі өзекті сұрақтарды талқылады:

  • мектепте критериалды бағалау жүйесін қалайша әзірлеу;
  • оқушылардың оқу жетістіктерін критериалды бағалау жүйесі;
  • ішкі және сыртқы жиынтық бағалау;
  • мектепте іс-әрекеттегі зерттеуді жоспарлау;
  • мұғалімнің жеке білім беру бағытын жоспарлау жолдары.

 

Kусаинова Райханa Нусіпбекқызы

Ильясова Ақмарал Шәтікқызы

БАҰО «Өрлеу» АҚ Солтүстік Қазақстан облысы бойынша 

педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты

«Мектепке дейінгі тәрбие және бастауыш білім беру» кафедрасының аға оқытушылары

 

СҚО: тарихыңды тану – өзіңді тану мәселесі жайында

 

Қазақ хандығының құрылуы қазақ халқының тарихындағы төтенше маңызды оқиға болды. Ол ұлан-байтақ өңірді мекендеген қазақ тайпаларының басын қосып шоғырландыруда, қазақтың этникалық территориясын біріктуде, қазақтың байырғы заманнан басталған өз алдына жеке ел болып қалыптасуын біржолата аяқтауда аса маңызды және түбегейлі шешуші рөл атқарды.

Биылғы жылы Қазақ хандығының 550 жылдығының аталып өтілуі – ең маңызды шаралардың бірі.

2015 жылдың 15 қазанында «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы «СҚО ПҚ БАИ» «Өзін-өзі тану» пәні курс тыңдаушыларының ұйымдастырумен Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған «Тарихыңды тану- өзіңді тану» тақырыбында  шығармашылық есеп түріндегі іс-шара өткізілді.

 

Іс-шараның мақсаты: тарихымыздағы ұлы тұлғалар мен мәңгілік жалпыадамзаттық құндылықтардың сабақтастығын көрсете отырып, педагогтардың  шығармашылық әлеуетін дамыту.

Іс-шараға БАИ оқытушылары, мамандары, қазақ тілі мен әдебиеті пәндері және «Өзін-өзі тану» пәні бойынша курс тыңдаушылары, «Қазақстан-Петропавл» облыстық телеарнасының тілшілері қатысты.

«Қазақ хандығы: ғасырлар жолымен» тақырыбындағы көрме, Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған бейнеролик іс-шараның танымдық маңыздылығын арттыра түсті.

Атаулы шарада «Рухы биік елдің тұғыры биік» тақырыбындағы тарихи оқиғалар желісімен дайындалған қойылым көрермендерге ерекше әсер етті. «Мәңгілік ел», «Ізгілік нұры» биі, әсем әндер, термелер шырқалды. Мұғалімдер өздерінің шығармашылық әлеуетін, шеберліктерін танытып, көрермендерді рухани тұрғыдан азықтандырды. 

Қай пән мұғалімі болмасын өз пәнін терең білумен қатар өз елінің тарихын білуге міндетті.

 

Елдігіміз бен бірлігіміздің беделін асқақтату, оны білім саласында жүзеге асыру – педагогтар қауымының басты міндеті.

                                                             

Байкенова С.Ж., «Өзін-өзі тану» пәні тренері