Біздің филиалдар

"Өрлеу" бос жұмыс орындары

«Деңгейлік бағдарламалар идеяларын жүзеге асырудың проблемалық сұрақтары» атты дөңгелек үстел өтті

31.10.2013 pdf_icon 2084 pdf_iconPDF ВЕРСИЯСЫН - КӨШІРУ

2013 жылғы 29 қазанында Павлодар облысы бойынша «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалының деңгейлік бағдарламалар орталығының ұйымдастыруымен «Деңгейлік бағдарламалар идеяларын жүзеге асырудың проблемалық сұрақтары» атты дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстелді өткізудің негізгі мақсаты: Деңгейлік бағдарламалар идеяларын жүзеге асырудағы бірлескен серіктестік жұмыстың әдістемелік жолдарын белгілеу болды.

Ортақ проблемалар шешімін талқылау үшін серіктестікте қызмет атқаратын ұйымдар НЗМ  БДҰ «ПШО» Павлодар филиалының директоры Нұрлан Сағындықұлы Сарбасов, Павлодар облысы бойынша білім беру басқармасының «Білім беруді және тәрбиелеуді дамытудың инновациялық орталығының» директоры Сәуле Шайымқызы Слямова мен директордың орынбасары Айтжамал Антайқызы Қожахметова және деңгейлік бағдарламалар орталығы қызметкерлерімен дөңгелек үстел басында бас қосты. Арнайы шақырылған қонақтар сертификатталған мұғалімдермен жұмысты жандандырып, жетілдіруге арналған мәселелер төңірегінде ой қозғап, пікір алысты.

 

Қазіргі уақытта республика көлемінде мұғалімдерді жаппай деңгейлі курстан өткізу қолға алынған. Біздің облыс бойынша 674 мұғалім курстан өтіп, оның 662 –і сертификатталған. Бірақ, тыңдаушылардың курстан кейінгі кәсіби шеберліктерін дамытуды қолдау, әдістемелік сүйемелдеу жағынан туындаған мәселелер біздерді толғандырады. Сертификатталған мұғалімдермен курстан кейінгі әдістемелік жұмыстар жүргізу кезінде І, ІІ деңгейлі курстан өткен мұғалімдер назардан тыс қалып жатады. Оның себебі, орталық тренерлерінің ІІІ – деңгейден ғана өтіп сертификатталуы. Сондықтан жақын аудандарды шоғырландыру арқылы өткізілетін семинарларда 1,2-деңгейден өткен мұғалімдер жұмысымен тығыз байланыс  жүргізу үшін және мұғалімдер аттесттау барысында сертификатталған мұғалімдерді бағалау, облыс, қала деңгейінде өткізілетін іс шараларға сертификатталған мұғалімдер тартылған жағдайда олардың жұмысының сапасын қарау деңгейлік бағдарламалар орталығының қатысуынсыз мүмкін болмайтыны жайында пікірлер көтерілді. 

 

Отырыс барысында серіктестік өкілдері педагог кадрлардың біліктіліктерін арттыру және кәсіби шеберліктерін дамыту бойынша мына сұрақтарға пікір алмасты:

1.Бағдарлама идеясын тиімді жүзеге асыру үшін мұндай серіктестік тұрғыдағы ұйымдастыру түрінің тиімділігі қандай? 

2.Бағдарлама идеяларын сапалы жүзеге асырудағы туындаған проблемаларды шешуде және сертификатталған мұғалімдердің курстан кейінгі кәсіби шеберліктерін шыңдауға қатысатын серіктестер жағының іс әрекеттері қандай?

3.Бір – біріміздің жұмысымызды қайталамас үшін және әр деңгейдің мұғалімдері толық қамтылу, уақытты үнемдеп, бір-біріміздің жұмысымызды толықтыру, әрбір серіктес жақ өз потенциалдарын жүзеге асыру үшін іс әрекеттерді, өкілеттілікті нақты бөлу қажет  пе? Ойыңыз пен пікіріңізді тұжырымды дәлелдеңіз.

4.Барлығымыз бір НЗМ тәжірибесін трансляциялау үшін бірігіп отырмыз, осы өзара әрекеттестіктің мәні неде? 

5.Сіздердің ойларыңызша Бағдарламаны сапалы жүзеге асырудың механизмдерінің тиімділігі қандай?

Сертификатталған мұғалімдердің жұмысының сапасын, нәтижесі мен өзгерістерін қалай бағалауға болады?

1.Тірек мектептерімен жұмысты қалай және қандай бағытта тиімді ұйымдастыра және жүргізе аламыз?

2.Тірек мектептерінің басшылары тарапынан нені талап ете аламыз? 

3.1,2,3-деңгейлі сертификатталған мұғалімдермен өзара әрекеттестік әдістері мен түрлері туралы сіздердің көзқарастарыңыз қандай?

 

Отырыс соңында шақырылған серіктестік өкілдері тарапынан бірлескен өзара келісім шарт жасасуды және өзара ортақ жұмыс жоспарын құрып, сол бойынша бірлескен жұмыс атқаруды белгіледі. Сонымен қатар жаңадан бекітілген педагог қызметкерлерді аттестаттау бойынша да әңгіме көтеріліп, сертификатталған мұғалімдерді аттестаттау комиссия құрамына аталған серіктес жақтан өкілдердің болуы керектігіне тоқталды.

Осындай серіктестікте жұмыс істеу өз нәтижесін беретіні сөзсіз. Аз уақыт аралығында бас қосулар болатынына өзара келіскен дөңгелек үстелге қатысушылар өздерін толғандырған сұрақтарға жауап алып тарасты. 

         Павлодар облысы бойынша «Өрлеу»

         БАҰО» АҚ филиалының деңгейлік 

         бағдарламалар орталығының басшысы   

         Зәмзәгүл Оразаева