Біздің филиалдар

"Өрлеу" бос жұмыс орындары

Әдіскер – бұл әуестік

07.11.2013 pdf_icon 994 pdf_iconPDF ВЕРСИЯСЫН - КӨШІРУ

2013 жылғы 30-31 қазан Алматы қаласында, негізгі мақсаты барлық деңгейдегі әдіскерлердің үздік жұмыс тәжірибесін анықтау және қолдау болып табылатын «Жыл әдіскері» Республикалық байқауы болып өтті.Біздің облысты байқаудың облыстық кезеңінің жеңімпаз-әдіскерлері: мектепке дейінгі, қосымша және орта білім беру, ТжКБ жетекшілік ететін әдіскерлер, сонымен қатар Солтүстік Қазақстан облысы бойынша ПҚБАИ инновациялық дамуды әдістемелік қамтамасыз ету бөлімінің маманы ұсынды.  

«Жыл әдіскері» Республикалық байқауының мазмұны қатысушының жеке және кәсіби жетістіктерінің портфолиосын қорғау, оның тұсаукесер-бейнефильмі (сырттай тур), сонымен қатар шеберхана сыныбын дайындау және көрсету, оқу-әдістемелік материалдарды сараптау, үздік педагогикалық тәжірибені және мұғаліммен басқа да қарым-қатынас түрлерін жалпылау әдістемесі және технологиясы ұсынатын білім беру авторлық бағдарламасының негіздемесі, жеке әдістемелік баспа және бұдан ары даму жоспарын ұсынуды (күндізгі тур) болжады.

 

Солтүстік Қазақстандық әдіскерлер үлкен кәсіпқойлық, креативтілік, шығармашылыққа қабілетін көрсете отырып, барлық 7 байқауды лайықты және сенімді өтті.

Біздің жетістіктерімізбұл: «Мектепке дейінгі білім беру» категорияларында үш 3-орын (А.К.Кожракаева, Петропавл қаласының білім бөлімі), «Қосымша білім беру» (Д.И.Кужубаева БЖШОО әдістемелік бөлімінің меңгерушісі), «Педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институттарының әдіскерлері» (Г.Ж.Енсегенова, Солтүстік Қазақстан облысы бойынша ПҚ БАИ инновациялық дамуды әдістемелік қамтамасыз ету бөлімінің маманы). СҚУ колледжінің әдіскері Р.К.Нурканова «Ең креативті» беделді номинациясының иегері болды

 

 «Орта білім беру» категориясында қатысқан, Жамбыл аудандық білім бөлімінің әдіскері А.В.Коробова, құрамына Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің, «Өрлеу» БАҰО, Білім беру жүйесіндегі жетекші кадрлардың біліктілігін арттыру республикалық институтының профессорлық-оқытушылар құрамы және ғалымдарынан құрылған қазылар алқасының жеке мүшелерінің жоғары бағасына ие болды

Үстіміздегі жылдың 7 қарашасы «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалында «Жыл әдіскері» Республикалық байқауының номинанттары және жеңімпаз-әдіскерлерінің СҚО ПҚБАИ қызметкерлерімен және педагог-курс тыңдаушыларымен кездесуі болып өтті.

 

Әдіскерлер-байқау жеңімпаздары өздерін таныстыра отырып, шығармашылық шеберхана ұсынды, байқау туралы әсерлерімен бөлісті, қатысушылардың сұрақтарына жауап берді. Қатысушылар жүлдегер  әріптестерімізге болашақта кәсіби жетістік және педагогикалық шеберліктің жаңа белестерін бағындыруды тіледі. Өйткені, 2014 жылы әдістемелік көкжиекте жаңа жұлдыздар жағатын кезекті «Жыл әдіскері» Республикалық байқауы өтеді.  

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Солтүстік Қазақстан облысы бойынша ПҚБАИ