Біздің филиалдар

"Өрлеу" бос жұмыс орындары

Ұстаздық – ұлы құрмет

15.01.2016 pdf_icon 574 pdf_iconPDF ВЕРСИЯСЫН - КӨШІРУ

«Өрлеу» БАИ ПҚ СҚО» АҚ филиалының дәстүрлі шараларының  бірі  – білім беру саласында  қажырлы еңбек етіп, жоғары жетістіктерге жеткен әріптестерге құрмет көрсету. «Өрлеу» БАИ ПҚ СҚО» АҚ филиалының ұжымы 13 қаңтар күні 74 жастағы  әріптесіміз, аға оқытушы  Корчевский Владимир  Евгеньевичті өмірінің жаңа бір белесі болып табылатын құрметті демалысқа шығуымен құттықтады!

Бұл күні әріптесіміз Владимир  Евгеньевичке жүрек жарды айтылған тілектерде шек болмады. Әріптесіміз жоғары дәрежелі кәсіби маман, сегіз қырлы, бір сырлы, үлкен жүректі, мейрімді адам. Оның таусылмайтын педагогикалық таланты, мақсатшылдығы, жан жомарттығы,  шыдамдылығы, елгезектігі және шәкірттерінің жүрегінен орын тауып, оларды жоғары білім шыңдарын бағындыруға жетелей білген қасиеті – барлық ұстаздар қауымына үлгі. 

 

Құттықтау салтанатында Владимир  Евгеньевичтің қолымен жас мамандардың өз қолдарындағы шырақтарды жандырып, бата алуы – педагогика саласында Ұстаздың 50 жылдық ерен еңбегіне көрсеткен құрметінің куәсі.

Владимир  Евгеньевич бүкіл өмірін мектепте және жоғары оқу орнында математика пәнін оқытуға, математика пәні мұғалімдерінің біліктілігін арттыру қызметіне арнады. Сондай -ақ бірнеше жас ұрпақты тәрбиелеп, өз білік-білімін оқушыларына беріп, олардың бойына нағыз адамгершілік қасиеттерді сіңіре білді. Оның таңдаған ісіне адалдығы, жоғары кәсібилігі, шығармашылық ізденісі, ғылымға қызығушылығы аймақтың ғана емес, Қазақстанның білім беру  саласына да жеңістер әкелді.  Владимир  Евгеньевичтің  математика пәні бойынша жазған  26 оқулығы оның инновациялық педагогикалық тәжірибесінің нақты дәлелі.

 

Біз, әріптестері Владимир  Евгеньевичке өз мамандығына деген шексіз махаббаты үшін алғыс айта отырып, зор денсаулық, қажымас қайрат, ұзақ өмір, бақыт тілейміз!