Біздің филиалдар

"Өрлеу" бос жұмыс орындары

Жұмыс тобының отырысы

15.11.2013 pdf_icon 1028 pdf_iconPDF ВЕРСИЯСЫН - КӨШІРУ

2013 жылғы 14 қараша күні «Өрлеу» БАҰО»АҚ филиалы «Солтүстік Қазақстан облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтында» курстық қайта даярлауда педагогтардың білім берудегі қажеттіліктерін толық есепке алу мақсатында 2014 жылға курстарды өткізу тақырыптарын және мерзімін сырттай сараптау өткізу бойынша жұмыс тобының отырысы болып өтті. Жұмыс тобының құрамы АӘК меңгерушілері, СҚО ПҚБАИ жанындағы ғылыми кеңес мүшелерінен құрылды: М. К. Кабиева (Аққайың ауданы), К. С. Сүлейменова (Тайынша ауданы), Т. А. Данилова (Мамлют ауданы), С. Ш.Туралинова (Айыртау ауданы), сонымен қатар НЗМ енгізу бойынша базалық мектептердің басшылары Г. Ш. Жаканова, Н. П. Маслова.  Білім басқармасы атынан жұмыс тобының мүшесі курстық даярлыққа жетекшілік ететін Н.В.Сербина болып табылады.

Жұмыс тобының отырысын СҚО ПҚБАИ директорының орынбасары А. К. Оркешова ашты, жұмыс тобы қызметінің мақсатын және міндеттерін нақтылады.  Академиялық бөлімнің басшысы А. С. Мурзабаева өз баяндамасын курс талаптарының диаграмма-сараптамасымен ілестіре отырып 2014 жылға қысқа мерзімді курстардың шамамен тақырыптары және сағат сандары туралы жұмыс тобының мүшелерін ақпараттандырды. Қысқа мерзімді курстардың шамамен тақырыптары бойынша СҚО ПҚБАИ кафедра меңгерушілерін тыңдай отырып жұмыс тобының мүшелері ұсыныстар жасады:

1. ШЖМ ерекшеліктерін есепке ала отырып біріктірілген курстарды енгізу қажет – Аққайың АӘК меңгерушісі М. К. Кабиеваның ұсынысы;

2. Курстарда бағалау өлшемдеріне назар аудару қажет (НЗМ тәжірибесі) – Бескөл МГ директоры Н.П.Маслова;

3. ШЖМ басымдылығы жағдайында ресурстық орталық пән мұғалімдерінің курстары қажет, демалыс кездерінде бастауыш мектептердің меңгерушілеріне арналған курстар қажет (іс жүргізу бойынша мәселелерді айқындай отырып) – Мамлют АӘК меңгерушісі Т. А. Данилова;

4. ТЖ бойынша директор орынбасарлары, сынып жетекшілеріне арналған курстар қажет, ал жақын аудандардағы педагогтар үшін қашықтан курстар өткізу орынды.

 

Отырыстан кейін осындай кездесулердің қажеттілігі белгіленді, бірақ талқылау үшін ақпарат ертерек берілу қажеттілігін айта отырып, жұмыс тобы мүшелері кері байланыс парақтарын толтырды.