Біздің филиалдар

"Өрлеу" бос жұмыс орындары

«Педагогикалық шеберхана» өз жұмысын бастады

19.01.2016 pdf_icon 568 pdf_iconPDF ВЕРСИЯСЫН - КӨШІРУ

15 қаңтарда «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Павлодар облысы бойынша ПҚ БАИ-де мақсаты филиалдың ПОҚ-ы мен қызметкерлерінің кәсіби құзіретін дамыту үшін корпоративтік оқыту мүмкіндіктерін пайдалану, ПОҚ қатарынан курстық және курстан кейінгі қызметте корпоративтік оқыту идеяларын жылжытуға көмектесетін тьюторларды таңдау болып табылатын «Педагогикалық шеберхана» өз жұмысын бастады. Практикалық-бағдарланған сабақтарды өткізу әдістемелік реакцияның әртүрлі: семинар, коуч, дөңгелек үстел және т.б. нысандарында жүзеге асыру жоспарлануда. Биылғы жылы алғашқы сабақ «Оқу-әдістемелік басылымдардың түрлері және оған қойылатын талаптар».

Іс-шараның мақсаты: ПОҚ пен қызметкерлердің ғылыми-әдістемелік басылымдардың әртүрлі нысандары туралы түсініктерін нақтылау және оларды рәсімдеу мен жариялаудың бірыңғай тәсілін жасап шығару.

 

Филиалдың ПОҚ-ы мен қызметкерлері баспа қызметімен белсенді айналысып, әдістемелік өнімнің ішкі және сыртқы сараптамасын өткізулері осы тақырыптың таңдалуына себеп болды. Демек, әдістемелік материалды жазуға деген бірыңғай талаптарды жасап шығару өзекті мәселе.

Іскери ойынның жетекшілері: МКӨППҚ кафедрасының аға оқытушысы Е.Ю. Погожева мен жұртшылықпен байланыс және баспа қызметі бөлімінің бастығы Г.К. Курманова.

 

Сабақ интерактивті түрде өткізілді. Әрбір топ қандай да бір баспаны жазуға қойылатын талаптар  бойынша өздерінің дәйекті пікірін ұсынды: оқу-әдістемелік құрал, әдістемелік ұсынымдар, ұсынылған сұлба бойынша ғылыми мақала: шығарудағы мақсаты, міндеті, жазылу құрылымы. Талқылау барысында топтар ақпаратты түзетіп, толықтырулар енгізді, әрбір ғылыми-әдістемелік басылымға тән ерекшеліктерді ғана емес, олардың айрықша қасиеттерін де айқындады.

          Сабақ барысында өңделген материалдар филиалдың ПОҚ-ы мен қызметкерлері үшін баспа қызметі жөніндегі әдістемелік ұсынымдардың негізіне алынады.