Біздің филиалдар

"Өрлеу" бос жұмыс орындары

СҚО: Interactive Break - көптілдік бұл біздікінше!

20.01.2016 pdf_icon 459 pdf_iconPDF ВЕРСИЯСЫН - КӨШІРУ

Тез өзгеретін әлемде Қазақстанда көптілді білім алу бағыты маңызды болып табылады. Сонау 2004 ж. Ел басымыз Н.Ә.Назарбаев алғашқы рет «Тілдердің үштұғырлығы» идеясы туралы атап кетіп, ал 2007 жылы Қазақстан халқына деген жолдауында «Тілдердің үштұғырлығы» мәдени жобасын кезеңдеп іске асыруды қолға алуды ұсынған. Дәл осы сәттен бастап тәуелсіз Қазақстанның жаңа тіл саясаты басталған болатын .

2016 ж. қаңтардың 18 «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Солтүстік Қазақстан облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтында мамандандырылған ағылшын тілі кабинетінде курс тыңдаушыларға арналған мемлекетіміздің тіл саясатына орай кезекті интерактивтік үзілістер сериясы өткізіліп жатыр. Аға оқытушысы Касенова А.Б. курс тыңдаушылармен «elementary» деңгейінде мини-диалог, мамандандырылған кабинетпен таныстырып және ағылшын тілінің көптілдік білім алу рөлін ағылшын тілінде атап кетті.

 

Біздің қоғам XXI ғасырдың білім алу процессінде тілдің маңыздылығын саналы түрде меңгеріп, мектеп түлектері көптілді тұлғалар болуына қамтамассыз етулері қажет.