Біздің филиалдар

"Өрлеу" бос жұмыс орындары

СҚО:Инкюзивті білім беру жағдайындағы тәрбиешінің кәсіби құзіреттілігі

25.01.2016 pdf_icon 1171 pdf_iconPDF ВЕРСИЯСЫН - КӨШІРУ

2016 жылғы 18-22 қаңтар аралығындағы «Өрлеу» «БАҰО» АҚ филиалы СҚО бойынша ПҚ БАИ-да интернаттық білім беру ұйымдарының  тәрбиешілері «Инкюзивты білім беру жағдайындағы тәрбиешінің кәсіби құзіреттілігі тақырыбындағы курста біліктілікті арттырды.

Қазақстанда инкюзивті білім беруді енгізу басымдық алуда. Елбасы Н.Ә. Назарбаевпен қол қойылған «Мүгедектер құқығы» туралы тұжырымдамада барлық балалардың құқықтары бар, бірақ кейбір балалар әр түрлі себептерге байланысты қосымша көмек пен қолдауды қажет етеді. Мұндай жағдай мектеп-интернат жағдайында білім алатын балаларға қажет.

 Курстың мақсаты бағдары инкюзивті білім беру жағдайында тәрбие үдерісін құруда замануи әдістерді меңгеру, ерекше білім беруді қажет ететін балалардың құқықтарын қорғау және тәрбиелеу, түзету аясында кәсіби құзіреттілігін жетілдіруге және қалыптастыруға бағытталған.

 Курстық даярлау барысында инклюзивті білім беру жағдайында балалардың заңнамалық құқықтарын қорғау, тәрбиешінің кәсіби құзіреттілігінің негіздері, қазақстандық білім беру жүйесінің басым бағыттары, инклюзивті білім берудің философиялық, әдістемелік және негізгі бағыттары қарастырылды. Оқытудың интербелсенді әдістері, мультимедиялық құралдар, дәріс материалдарды бейне материалдармен және тақырып бойынша таныстырылымдармен ілестірілді.

 

Көшпелі шығу сабақтары №1 арнайы (түзету) мектеп-интернатының базасында ұйымдастырылды, онда әртүрлі интеллектуалдық кедергілері бар балалар оқып, тәрбиеленеді.

Тыңдаушылар мектеп-интернаттың тәрбие үдерісімен ерекше білім беруді қажет ететін балаларды оқыту мен тәрбиелеу жағдайының талаптарымен, сонымен қатар «Қыстағы құстар», «Жетістіктер олимп» спорттық мерекесімен танысты. Көшпелі тәжірибелік сабақ соңында курс тыңдаушылары «24 игі іс» аясында балаларға үстел ойындары, доптар мен ракеткалар сыйлады.

Тыңдаушылар курс жұмысының өнімділігін, олардың қолданбалы сипатын, өзектілігін, мазмұндылығы мен материалдық интербелсенді әдістер арқылы берілгендігін атап өтті.