Біздің филиалдар

"Өрлеу" бос жұмыс орындары

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Солтүстік Қазақстан облысы бойынша ПҚ БАИ» қызметі туралы 26 қаңтарға ақпарат

26.01.2016 pdf_icon 1461 pdf_iconPDF ВЕРСИЯСЫН - КӨШІРУ

СҚО: Ақпараттық-білімдік кеңістікте кітапхананың рөлі

Қазіргі кездегі адам қызмет ететін салалардың басты белгісі болып әр түрлі өзгерістер табылады. Әсіресе білім саласы. Бүгінде елдің педагогика және  кітапхана қызметкерлері білімді жаңғырту мәселелерін, «Білім туралы» Заңның қағидаларын, мемлекеттік білім беру стандарттарының басымдықтары, мақсаттары мен міндеттерін талқылауда.

Мектепті дамыта отырып, біз жалпы барлық жүйені дамытып отырғанымызды түсінеміз. Бұл жағдайда білім беру мекемесінің дәстүрлі кітапханасын жаңғырту мәселесінің қазіргі белсенді дамып келе жатқан қызметке айналуы өте көкейкесті. Кітапхана үдерістерін жаңғырту, инновациялық үйлесу, автоматтандыру - кітапханашының күнделік жұмысы осылардың төңірегінде жүргізілуге тиісті. Осындай жұмысты ұйымдастыруда кітапханашыларға арналған курстар айтарлықтай маңызды көмек көрсетеді.

 

Кітапханашылардың міндетіне пайданушыларды үйрету, кеңес беру мен қатар бітістірушілік жатады, себебі ақпараттың үлкен көлемі бұрынғыдан да ақпаратты іздеу және талдау мен ресурстарды бағалай білетін мамандарды талап етеді. Кітапханашы нағыз кәсіпқой, ақпарат пен пайдаланушы арасындағы кәсіби көмекші болуға тиісті: ол компьютерлік технологияларды пайдалана білуге, Интернет-ресурстарды, медиасабақтарды ұйымдастыру, мультимедиялық презентацияларды жасай білуге тиісті. «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы «Солтүстік Қазақстан облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтында» мектеп кітапханашылардың біліктілігін арттыру деңгейін көтеру мақсатында «Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында кітапхананың ақпараттық-білімдік ортасын құру және қызмет көрсету» тақырыбы бойынша курс даярлығы өтті.

Курс кітапхананың ұйымдастыру қызметі мен жұмыс жағдайын тексеру, перспективалық жоспарлау қызметі мен жобалау стратегиясын даму жөнінде әдістемелік ұсынымдар алуға мүмкіндік берді.

 

Бірінші күні «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы «СҚО бойынша ПҚ БАИ» директоры, педагогика ғылымының докторы, профессор А.Ж. Мурзалинова ҚР «Білім туралы» заңының өзгерістері мен толықтыруларымен (24.11.15ж) тыңдаушыларды таныстырды (ғылыми-әдістемеләк пікір). Қазақстан білім беру жүйесінің жағдайы туралы және ҚР «Білім туралы» заңының өзгерістері мен толықтырулар енгізуге әкеп соққан объективті себептерін айтты.

Курс барысында Сәбит Мұқанов атындағы Солтүстік Қазақстан облысының универсалды ғылыми кітапханасында, Сәбит Мұқанов атындағы облыстық кітапханасында, Ғ. Мүсрепов атындағы облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасында көшпелі практикалық сабақтар ұйымдастырылған. Тыңдаушылар ақпараттық-коммуникациялық технологияларды тәжірибеде танысып, қолданды. Көшпелі практикалық сабақтың бірі  кәсіптік бейімделу жұмысына арналған. Сабақ-шара Гуманитарлық-техникалық колледжінің кәсіптік бейімделу кабинетінде өтті.

Курс барысында бағдарлама жоспарына орай және Мұқағали Мақатаевтың 85 жылдық мерейтойына байланысты «Қазақ поэзиясының Хан Тәңірі» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Атаулы шараға институт оқытушылары, біліктілік арттыру курсының тыңдаушылары, білім беру ұйымдарының кітапханашылары қатысты.

«Дөңгелек үстел» барысында педагогтер қауымы Мұқағали Мақатаевтың лирикалық жырларында бейнеленген эстетикалық және тарихи дәуір қозғалысына талдау жасап, бүгінгі күннің тәрбие мәселелерімен ұштастырды.

Біліктілігін арттыру курстын қорытындысы бойынша қатысушыларға сертификаттар тапсырылды.

 СҚО: Кәсіби мамандардың ашық диалог алаңы

2016 жылдың 18-22 қаңтар аралығында «Өрлеу» БАҰО» АҚФ Солтүстік Қазақстан облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтында «Қазақстан Республикасында көптілді білім беру және білім мазмұнын жаңарту жағдайында  оқыту қазақ тілінде емес жалпы білім беретін мектептердегі қазақ тілі пәні мұғалімдерінің кәсіби құзыреттілігін дамыту»  тақырыбында  қазақ тілді емес жалпы білім беретін мектептердегі қазақ тілі пәні  мұғалімдеріне  арналған біліктілікті арттыру курсы өтті.

Қазіргі таңда педагогтердің кәсіби құзыреттілігін дамыту – педагогтің кәсіби тәжірибе негізінде үздіксіз өз білімін арттыру, дамыту, шыңдауға әкелетін кәсіби тәжірибені жаңарту, жаңалықтарды қабылдау мен меңгертудің қарқынды үдерісі.

 

Келісім шарт негізінде ұйымдастырылып, арнайы білімдерін толықтыру мақсатында өткізілген курстың маңыздылығы жаңартылған білім беру мазмұнындағы оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту, белсенді оқыту ортасын құру, жаңа инновациялық педагогикалық технологияларды және инклюзивтік оқыту тақырыптарынан құрылған.  

 Тыңдаушыларға  ҚР білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған бағдарламасы мен ҚР «Білім туралы» Заңындағы өзгерістер жөнінде нормативтік-құқықтық құжаттарды жүзеге асырудың тиімді жолдары  жөнінде институт директорының орынбасары М.Куантаева тиімді дәріс өткізді. Педагогтің кәсіби өсуін жетілдіру, көптілді білім беру жағдайында сабақтың интерактивтілігі мен инклюзивтілігін қамтамасыз ету, оқушының сыни ойлауын дамыту жолдары тақырыптарында тәжірибелік сабақтар мен дәрістер оқылды.

 

Институтымызда жылдың басында ашылған ағылшын тілі кабинетінде курс тыңдаушыларына арналған мемлекетіміздің тіл саясатына орай кезекті «интерактивтік үзілістер» өткізілді. «Интерактивтік үзілістерде»  курс тыңдаушыларын мамандандырылған кабинетпен таныстырып, «elementary» деңгейінде мини-диалог өткізді, сондай-ақ ағылшын тілінің рөлі, көптілдік білім алудың бағыттары мен  ұтымды жақтары туралы  ақпараттар ұсынды.

Инновациялық үдерісті оқу-әдістемелік сүйемелдеуде тиімді ынтымақтастықты ұйымдастыру мақсатында жасалған  Петропавл қаласының химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі   және   «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы «Солтүстік Қазақстан облысы педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты» арасында  Меморандум негізінде курс тыңдаушылары «Қазақ тілін деңгейлік оқытуда критериалды бағалау» тақырыбы бойынша Назарбаев Зияткерлік мектебінің 8 сыныбында 4 сағаттық көшпелі тәжірибелік  сабаққа қатысып, мұғалімдер тәжірибе алмасты. Рефлексия кезінде критериалды бағалаудың практикада қолдану мақсаттары мен тәсілдері туралы  сұрақтар қойылып, тұшымды жауаптар алынды. Атаулы мектептің оқу үрдісіндегі критериалды бағалауды жүргізудің жолдарымен етене танысып, мұғалімдер өзара тәжірибе алмасты.

 

Тыңдаушыларға НЗМ-ның тыныс тіршілігімен танысу үшін мектеп әкімшілігінің ұйымдастыруымен саяхат жасалды.

Курс соңында «Білім мазмұнын жаңарту жағдайында қазақ тілі пәні мұғалімдерінің кәсіби құзыреттіліктерін дамытудың тиімді жолдары» тақырыбында дөңгелек үстел ашық сабақ тұрғысында өткізілді. 

Дөңгелек үстелге институттың кафедра қызметкерлері қатысып, бағалау парағында жоспарлаудың мақсаты нақты, талқыланатын сұрақтар мұғалімнің құзыреттілігін дамытуға бағытталғанын, өткізілген курстың тыңдаушы үшін тиімді және ұтымды болғанын атап өтті.  Дөңгелек үстелдің мақсаты аталмыш тақырып аясында мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігін дамыту бағытында курстан  алған білімдерін қорытып, өз ойын айту, пікірін дәлелдеу, ұсынылған шешімді негіздеу, өзінің ұстанымын қорғау сияқты кәсіби біліктілігін дамытуды көздеді. Дөңгелек үстел ой шақыру, 6 неліктен, диалог алаңы және рефлексия мен әдістемелік ұсынымдар дайындау бөлімдері арқылы жүзеге асты. Дөңгелек үстел тыңдаушылар үшін  пікір алмасу ортасы ғана  емес,  курстан алған білімдерін тәжірибеде іске асырудың жолдары мен қадамдарын  айқындауға мүмкіндік берді.