Біздің филиалдар

"Өрлеу" бос жұмыс орындары

«Өрлеу» БАҰО филиалы Ақтөбе облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының 13-19қараша аралығында өткізген шаралары

21.11.2013 pdf_icon 1004 pdf_iconPDF ВЕРСИЯСЫН - КӨШІРУ

Қараша айының 14-жұлдызында «Н.Ә. Назарбаев- Нұр Отан партиясының негізін қалаушысы және көшбасшысы» семинар өткізілді. Семинардың мақсаты: «Нұр Отан» партиясының саяси менедменті мен «Жас Отан» жастар қанатының алдыңғы қатарлы- тәжірибесін оқып үйрену. Семинар жұмысына «Нұр Отан» партиясының аппараты, мектеп мұғалімдері, колледж оқытушылары қатысты. Семинарда «Нұр Отан» партиясының Ақтөбе өңірлік партиялық оқыту орталығының саяси менеджмент мектебі филиалының директоры Ю.П. Голубев баяндама жасады. Семинарда өзекті мәселелер талқыланып, ұсыныстар қабылданды. 

Караша айының 14-жұлдызында «Қазақстанның Тәуелсіздігі ата-баба арманы және өмір шындығы» конференция өтті.Конференцияның мақсаты:Тәуелсіз еліміздің, дербес, егеменді ел болған алғашқы кезеңінен бастап,бүгінгі күнге дейінгі аралықта нығаюын, саяси экономикалық жетістіктерін оқытып үйретуге үлес қосу және мемлекетіміздің дүниежүзілік қауымдастықтағы орнын көрсету және бабалар аманатымен сабақтастыру.Конференцияға педагогтар, жалпы білім беретін мектеп мұғалімдері, кәсіптік- техникалық оқу орындарының оқытушылары қатысты.

14-қараша күні институт оқытушылары, тірек мектептер мен білім беру мекемелері: №7 мектепке дейінгі мекемесі, №17 МГ, №32 МГ және Ақтөбе көлік, коммуникация және жаңа технологиялар колледжінің педагогтары «Жасөспірімдерге рухани-адамгершілік тәрбие берудегі ұстаздың ролі» тақырыбындағы республикалық вебинарға қатысып,баяндама оқыды.

13-15 қарашада ДБО тренерлері Е.С. Давлеткалиева мен Г.А. Сейткереева Астанада өткен «Назарбаев зияткерлік мектептері» ұйымдастырған «Білімдегі жоғары сапа мен көшбасшылық – 2013» халықаралық конференциясына қатысты.

19-қарашада инновациялық даму бөлімінің бастығы Муканова Г. О. «Оқу үдерісіндегі практикалық нәтижеге бағытталған проблемалық-зерттеушілік әдістерді қолдану» тақырыбында өңірлік шебер класс өткізді.Мақсаты: педагогикалық қызметкерлердің кәсіби шығармашылық шеберлігін және ғылыми-зерттеушілік құзіреттілігін жетілдіру. Шараға Атырау, Ақтөбе, Орал, Маңғыстау облыстарының тарих, биология, химия оқытушылары қатысты.