Біздің филиалдар

"Өрлеу" бос жұмыс орындары

Кәсіби дамушы педагогтарды тиімді басқару

21.11.2013 pdf_icon 1126 pdf_iconPDF ВЕРСИЯСЫН - КӨШІРУ

 2013 жылдың 19 қарашасында  «Өрлеу» БАҰО  АҚ филиалы  Қостанай облысы бойынша ПҚ БАИ базасында аудан және қалалық әкімдіктері білім бөлімдерінің басшылары мен әдістемелік кабинеттердің меңгерушілерінің қатысуымен «2013 жылы біліктілігін арттыру курстарынан өткен облыстың білім беру ұйымдары педагогтарының кәсіптік қызметтеріне курстан кейінгі мониторинг жүйесін енгізу қорытындысы» тақырыбында облыстық вебинар өтті.

         Вебинар бағдарламасы барысында Қостанай облысының аймақтарында педагогтардың кәсіби қызметтерінде енгізілген мониторинг жүйесі мәселелері қарастырылды.

Атап айтқанда,Рудный қаласы әкімдігінің әдістемелік кабинет меңгерушісі Костомарова Елена ВитальевнаРудный қаласының мектептерінің педагогтарының курстан кейінгі кәсіптік қызметтерін бақылау мәселелері және мониторинг жүйесін енгізудегі білім бөлімінің ролі жөнінде жұмыс тәжірибесімен бөлісті.

      Федоров ауданы  әкімдігінің әдістемелік кабинет меңгерушісі Пискун Светлана Ивановнаның  баяндамасы мазмұнды болды. Ол педагогтардың курстан кейінгі кәсіптік қызметтерін бақылау бойынша өздерінің мониторинг жүйесін енгізу туралы тәжірибесін ортаға салды.

 

    Мониторинг  және талдау бөлімінің басшысы Г.А. Сапанова өз баяндамасында біліктілікті арттырудың «кейінге қалдырылған тиімділіктің» объективті бағасын алу үшін яғни – базалық деңгей бойынша біліктілікті арттырудан өткен мұғалімдердің кәсіби қызметтеріндегі өзгеріс нәтижелері сертификатталған мұғалімдердің алдында  қойылған жаңа идеялар курстан кейінгі кезеңдегі технологиялар мен міндеттер  қаншалықты іс жүзінде іске асырылатындығын  жан-жақты ашып берді.

    Мониторинг және талдау бөлімінің бас маманы Г.Б. Досмұхамбетова біліктілікті арттырудың қысқа мерзімді курстық дайындықтан өткен педагогтардың кәсіптік қызметтерінің курстан кейінгі кезеңдегі мониторингінің қорытындысы туралы айтып өтті.

   Түбегейлі маңызды мәселе 2014 жылға курстарды жоспарлау болып табылады, өйткені институттың қызметінің  негізгі мақсаты - курсты дайындық тиімділігін қамтамасыз ететін үздіксіз және жетілдіру үрдісінің сапасына жағдай жасау мен білім беруде инновациялық үдеріске қолдау көрсету, білім беру қызметкерлерінің кәсіби, құқықтық, ақпараттық, коммуникативтік, басқарушылық құзіреттіліктері деңгейін арттыру.

    Келесі 2014 жылға жоспар және қандай санаттар үшін БА курстары қалай болатынындығы туралы академиялық бөлімнің басшысы Е.М. Диденко жауап берді.

Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012 - 2016 жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл жоспары іс-шарасын іске асыруға көмектесетін Қостанай облысы педагогтарының  кәсіби-тұлғалық құзіреттіліктерін анықтау мақсатында 2013 жылғы 31 қазаннан –11 қараша аралығында «Педагогтың кәсіби-тұлғалық құзіреттілігін анықтау» республикалық социологиялық зерттеу жүргізілді. Қостанай облысы бойынша бұл зерттеудің  алдын-ала қорытындылары мен нәтижелері туралы  мониторинг және талдау бөлімінің бас маманы Р.М.Нұржанова баяндады.

Вебинар соңында  келесі сұрақтар талданды және ұсыныстар ұсынылды:

 

Қала, аудан білім бөлімдеріне:

  1. Біліктілікті арттырудан (үш деңгейлік курстар да, қысқа мерзімді курстар да) өткен мұғалімдердің мәліметтер базасы жүйелендірілсін;
  2. Пәндік әдістемелік бірлестіктер бойынша, сонымен қатар білім жүйесінің негізгі стратегиялық бағыттары бойынша – біліктілікті арттыру курстарынан өткен (деңгейлік және қысқа мерзімді курстар) мұғалімдердің кәсіби өзгерулері сапалы бақылансын;
  3. Бекітілген формалар бойынша тоқсан сайын филиалдың мониторинг және талдау бөліміне статистикалық мәліметтер берілсін;
  4. Курсқа санат, тақырып, талаптарға сәйкес жіберілсін.

 

 «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы Қостанай облысы бойынша ПҚ БАИ мониторинг және талдау бөліміне: 

  1. 2014 жылы нақты білім бөлімдері үшін педагогтардың курстан кейінгі қызметі мониторингі бойынша семинар-практикум жоспарласын және ұйымдастырсын.
  2. Педагогтардың курстан кейінгі қызметі мониторингі бойынша статистикалық ақпаратты өңдеу, жинау жүйесі жетілдірілсін.