Біздің филиалдар

"Өрлеу" бос жұмыс орындары

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қызылорда облысы бойынша ПҚ БАИ» қызметі туралы 1 ақпанға ақпарат

01.02.2016 pdf_icon 518 pdf_iconPDF ВЕРСИЯСЫН - КӨШІРУ

28 қаңтар 2016 жыл

Ұрпағы білімді елдің – болашағы жарқын

 

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қызылорда облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты, Деңгейлік бағдарламалар орталығының және Қалалық білім бөлімінің ұйымдастыруымен 28 қантарда Қызылорда қаласындағы №8 П.Д.Осипенко атындағы орта мектептің базасында «Ұрпағы білімді елдің – болашағы жарқын» тақырыбында қалалық ашық есік күні өткізілді.

Ұйымдастырылған іс-шараның мақсаты: оқушыларға оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдерді пайдалана отырып, сапалы білім берудің тиімді жолдарын қарастыру, өзара тәжірибе алмасу, жас ұрпақты жан-жақты дамыған, дені сау, қабілетті, рухани адамгершілігі мол жеке тұлға ретінде елжандылыққа тәрбиелеу.

 

Қалалық ашық есік күніне қала мектептерінің мұғалімдері қатысып, қатысушылар ұйымдастырылған коучинг сессиялар, үлгілі сабақ, сыныптан тыс жұмыс, психологиялық тренингтер мен сертификатталған мұғалімдердің сабақтарын көріп, талдады.

Іс-шара барысында «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қызылорда облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты, Инновациялық дамуды әдістемелік қамтамасыз ету бөлімінің басшысы С.Құсейінов және Деңгейлік бағдарламалар орталығының тренері Р.Мәрсәлі қатысушылармен инновациялық технологияларды зерделеу, сындарлы сабақты жаңаша жоспарлау аясындағы жаңа ұстаным, талаптарымен бөлісіп, сындарлы диалог жүрді.

28 қаңтар 2016 жыл

Облыстық семинар «Химия, биология және география сабақтарында оқушылардың сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін дамыту»

 

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қызылорда облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының ұйымдастыруымен 28 қантарда №144 С.Әлжіков атындағы орта мектептің базасында «Химия, биология және география сабақтарында оқушылардың сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін дамыту» тақырыбында облыстық семинар болып өтті. 

 

Ұйымдастырылған іс-шараның мақсаты: оқушылардың сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін дамыту арқылы білім сапасын арттыру.

Семинарға Деңгейлік бағдарламалар орталығының басшысы Г.Жақсылықова, тренер О.Мыханова, Инновациялық технологиялар және ғылыми-жаратылыстану (гуманитарлық) пәндерді оқыту әдістемесі кафедрасының аға оқытушылары Ж.Серікбаева, Н.Тулегенова, қалалық білім бөлімінің әдіскері Ж.Байзақов, №144 мектептің директоры Л.Балатаева, қала  мектептерінің химия, биология және география пәні мұғалімдері қатысты.

 

№144 орта мектептің мұғалімдері А.Дүйсенова, Ж.Байниязова, Ұ.Жаңабатырова, Ж.Рысбай, А.Нұрымбетова, Г.Есіркепова, Л.Палманова түрлі сабақтар, шебер сыныптар, психологиялық тренингтер жүргізді.

 

Семинар қорытындысы дөңгелек үстел үлгісінде өткізіліп, қатысушылар өз пікірлерін білдірді.