Біздің филиалдар

"Өрлеу" бос жұмыс орындары

Үштілділік – дәуірдің талабы, заманның қажеттілігі

01.02.2016 pdf_icon 668 pdf_iconPDF ВЕРСИЯСЫН - КӨШІРУ

Елбасының «Үш тұғырлы тіл» жобасы – ел болашағын баянды етуден туған, алысты көздеген мақсат. Осы арада айрықша тоқталатын мәселе, тілдің тағдырын тек заңмен, басқа да міндеттеу шараларымен шешу мүмкін емес. Тілге қажеттілік тудыру керек. Осы ретте түрлі іс-шаралар мен телехабарлардың орны ерекше.

Шығыс Қазақстан облыстық «Қазақстан-Өскемен» телеарнасында өткізілетін «Айтарым бар» хабарының кезекті саны тікелей осы үштілділік мәселесіне арналды. Телехабарға тіл жанашырлары мен білім саласының мамандары, студент жастар қатысты.

Алғашқы болып сөз алған ШҚО білім басқармасының басшысы А.Е. Садықова келешекте көмек көрсету, қолдау мақсатында облыс мұғалімдері арасында тілді білу деңгейін анықтауға байланысты өткізілген диагностикалау мен тілді меңгеруге байланысты іс-шараларға тоқталды. Ал С. Аманжолов атындағы  ШҚМУ профессоры, филология ғылымдарының докторы А.Ш. Жилкибаева үштілділік бойынша жасалған өңірлік бағдарламаның жүзеге асырылу барысы мен облыс мектептерінде мемлекеттік тілдің оқытылу жай-күйін тілге тиек етті.

 

 «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы ШҚО бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты Деңгейлік бағдарламалар орталығының тренер-аға оқытушылары: М.К. Омарбекова, С.О. Симбаева, Н.А. Жанузакова үштілділік жағдайында педагогтердің біліктілігін арттыру бойынша ұйымдастырылып жатқан курстар мен атқарылып жатқан жұмыстарға шолу жасап кетті. Соның ішінде біліктілікті арттыру курсының жаңа форматы туралы мағлұмат беріп, аудармасыз оқыту әдістемесінің енгізіліп отырғанын, сонымен қатар, патриоттық тәрбие берудің кейбір жаңа қырларын да тоқталды. 

 

Қоғамдық байланыс және баспа бөлімі басшысы К.К. Тобатаева облыс ұстаздарының үштілділік бойынша іс-тәжірибесі педагогикалық қызметкерлердің біліктіліктілігін арттыру институтының басылымдары «ШҚО педагогика жаршысы» журналы мен «Ұстаз әлемі» газеті арқылы тарату жөнінде айтып өтті.

Мемлекеттік тілді меңгертудің жолында аянбай еңбек етіп келе жатқан пән мұғалімдері: А.А. Матыбаева, Н.П. Әубәкірова, С.А. Деменова мектептегі тілді үйретуде туындап отырған қиындықтар мен атқарылып жатқан жұмыстар бойынша пікірлерін білдірді.