Біздің филиалдар

"Өрлеу" бос жұмыс орындары

Педагогтер күші – бірлескен көзқарастарда

02.02.2016 pdf_icon 497 pdf_iconPDF ВЕРСИЯСЫН - КӨШІРУ

2016 жылдың 25-29 қаңтары аралығында Катонқарағай ауданы Үлкен Нарын ауылындағы Ленин және Қ. Дамитов атындағы жалпы білім беретін орта мектептер базасында қазақ және орыс тілдерінде ауданның 48 педагогі қамтылған «Оқытудың жаңа бағыттары мен тәсілдері арқылы мұғалімдердің кәсіби құзыреттіліктерін арттыру» және «Внедрение новых подходов в преподавание и обучение школьников» тақырыптары бойынша ұйымдастырылған курстардың жетекшілері «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы ШҚО бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты кафедраларының аға оқытушылары Ж.С.Құрманова мен М.И. Мамиева болды. Олар педагогтердің сұраныстары бойынша өткізілген курстық дайындықта тәжірибеге бағытталған сабақтарда пәнді оқыту әдістемесін теориялық қана емес, мазмұндық жағынан да қарастырды.

 

Сонымен қатар, оқу және сабақтан тыс уақыттағы оқушы қызметінің оның тұлғалық дамуына ықпалына да назар аударды. Назарбаев Зияткерлік мектептері тәжірибесі негізінде Республиканың жалпы білім беретін мектептерінде жүзеге асырылып жатқан критериалды бағалау жүйесі, Блум таксономиясының сабақты құрылымдау мен жоспарлау, оқушының шығармашылық белсенділігін арттыру және мониторингтік талдау мәселесі де осы курстарға дәріс оқыған аға оқытушылар: Р.Чекетаева, А.Касенова, М. Батырхановалардың жұмыстарынан байқалды. Курс аясындағы жұмыс байқатқанындай, педагогтер мектеп табысы оқушылар қызметін тиімді ұйымдастырудағы бірлескен жұмыстардан тұрады.

Курстар рефлексиясы ауданның педагогикалық ұжымының алдында оқытудың аса маңызды мәселесі: оқыту үдерісіне барлық оқушылар қатысып қана қоймай, ондағы өздерінің табыстылығы мен маңыздылығын сезінетіндей қалай өнімді етуге болатындығын көрсетті. Мұғалімдер толтырған шығу сауалнамалары олардың курстың мазмұнына толық қанағаттанғандықтарын дәлелдейді.