Біздің филиалдар

"Өрлеу" бос жұмыс орындары

СҚО бойынша ПҚ БАИ және Қазақ-түрік лицей «Жетістік жолында» ынтымақтастық шекараларын кеңейтеді

04.02.2016 pdf_icon 528 pdf_iconPDF ВЕРСИЯСЫН - КӨШІРУ

2016 жылғы 3 ақпанында«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы «СҚО ПҚ БАИ» және «Облыстық дарынды балаларға мамандандырылған қазақ-түрік мектеп-лицей-интернаты» КММ бірігіп,«Жетістік жолында» атты брифинг өткізді. Шараға институт қызметкерлері, лицей оқытушылары, пәндік олимпиадалардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері, филиалдың педагогикалық шеберханасына кіретін өкілдері қатысты.
Брифингтің мақсаты - біздің облысымыздағы білім беру ортасында түрлі деңгейдегі олимпиадаларға қатысқан оқушыларының жетістіктерімен таныстыру. Брифингте қазақ-түрік лицейінің оқушылары қойылған сұрақтарға мазмұнды, тиянақты жауап берді. Сонымен бірге, мақсат қойып, олимпиадаларға қалай дайындық жүргізетіні туралы ақпаратпен бөлісті.


Брифинг қорытындысында «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы «СҚО ПҚ БАИ» және «Облыстық дарынды балаларға мамандандырылған қазақ-түрік мектеп-лицей-интернаты» КММ тиімді ынтымақтастықты ұйымдастыруға бағытталған Меморандумға салтанатты түрде қол қойылды.
Меморандумның мақсаты - білім мен ғылым аясында Тараптардың біріккен оқу-әдістемелік қызметін келесі бағыттарда шектеусіз жүзеге асыру болып табылады, дарынды оқушылармен үштілді білім беруді ұйымдастыру жұмыстарын бойынша ғылыми-әдістемелік қызметте біріккен инновациялық жобаларды әзірлеу және өткізу.
Екі жақты ынтымақтастық нәтижесі ретінде теңдік принциптері, өзара түсіністік  және  тиімділік негізінде білім сапасын көтеру болжанады. Брифингке қатысушылар сертификатқа ие болды.
Қазақ-түрік лицейінің оқушылары «Жетістік жолында» брифингіне негізгі спикер ретінде қатысқаны үшін сертификаттарға ие болды.
 
Қоғаммен байланыс және баспа қызметі бойынша
 бөлімінің маманы Ә.Б.Ширажиева