Біздің филиалдар

"Өрлеу" бос жұмыс орындары

Эксперимент жалғасуда...

05.02.2016 pdf_icon 554 pdf_iconPDF ВЕРСИЯСЫН - КӨШІРУ

«Өрлеу» БАҰО» АҚ «Ақмола облысы бойынша ПҚ БАИ» деңгейлік бағдарлама орталығының тренерлері 2016 жылы «Сабақты зерттеу» педагогикалық әдісті ендіруде» облысымыздың Щучье қаласының «Мирас» көпбейінді мектеп гимназиясы, Бурабай ауданының С.Сейфуллин атындағы ОМ базасында кезекті тәжірибелік жұмысын ұйымдастырып қайтты. 

Осы тәжірибенің аясында 3 ақпан күні деңгейлік бағдарлама тренерлері оқушылардың оқу  жетістігін критериалды бағалау тақырыбында шеберлік сынып ұйымдастырды. Шеберлік -сынып тақырыбын анықтау барысы  онлайн-консультация, әңгімелесу, тәжірибеге қатысушы педагогтардың сауалнамаларын талдаудан кейін анықталып алынды.

 

«Сабақты зерттеу» экспериментіне мүше  мұғалімдердің:  Абдрахманова А.А., Касенова Л.К., Шаймерденова З.К., Хасенова Г.М., Асет Алдабергенұлының сабақтарына қатысты. Мұғалімдер өз сабақтарында қалыптастырушы және жиынтық бағалау жүйесінде критериалды бағалау әдістерін қолдану мүмкіндіктерімен бөлісті.