Біздің филиалдар

"Өрлеу" бос жұмыс орындары

Қалалық семинар «Мемлекеттік тілді оқыту жүйесіндегі өзгерістер»

11.02.2016 pdf_icon 628 pdf_iconPDF ВЕРСИЯСЫН - КӨШІРУ

2016 ж. 4 қаңтарда «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Алматы қаласы бойынша ПҚ БАИ Инновациялық дамуды қамтамасыз ету бөлімінің ұйымдастыруымен «Мемлекеттік тілді оқыту жүйесіндегі өзгерістер» тақырыбында «Қазақ тілі» пәнінің қазақ тілінен басқа тілде оқытатын жалпы білім беру ұйымдарының 1-11-сыныптарына арналған деңгейлік оқулықтарын сынақтан өткізуге байланысты жалпы білім беретін №52 мектепте қалалық семинар өтті. 

Семинар мақсаты: оқушылардың ауызекі сөйлеу дағдыларын дамытуда деңгейлік оқулықтарды тиімді пайдалану. Семинарға Алматы қаласының 25 қазақ тілі пәні мұғалімдері мен оқулық авторлары: Инновациялық дамуды қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы Жұмабаева Г.А., Абай атындағы ҚазҰПУ қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының меңгерушісі, п.ғ.д., Даулетбекова Ж.Т., п.ғ.д., Рахметова Р.С., п.ғ.к., доцент Рауандина А.Қ. қатысты.

 

Алғаш рет Қазақстанда 1-11 сыныптарға арналған қазақ тілінің деңгейлік оқулықтары мен оқу-әдістемелік кешендер дайындалып отыр. Бұл сынаққа Алматы қаласында №48, №130Г, №131МЛ, №105Г, №52 ЖББ мектептер қатысты. 

 

Іс-шара барысында №52 ЖББМ мұғалімдері – Баржықбаева С.Р., Оразбаева Г.М., Искакова С.Е., Нурумбаева М.М., Изатбекова С.А., Мухаметжанова А.А. ашық сабақтар берді. Сабақ деңгейлік оқулықтың құрылымы: 1) айтылым, 2) тілдесім, 3) жазылым, 4) тыңдалым, 5) оқылымы бойынша оқушыларға түсіндірілді.

 

Мұғалімдер өз тарапынан Алматы қаласы бойынша педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру институты ұймдастырған іс-шараның мазмұны мен өзектілігіне тоқталып, осындай семинарлардың жиі ұйымдастырылуына тілек білдірді. Кейбір мектеп мұғалімдері бақылау өлшемдері бойынша ой бөлісті. Оқулық авторы Даулетбекова Ж.Т. «Мұғалімдер кітабы» нұсқаулықта бақылау өлшемдері көрсетілген, сол бойынша мониторинг жүргізу керек деп атап көрсетті. 

 

Мұғалімдердің ұсынысы бойынша:

1. Деңгейлік оқулықтар бойынша сынақтан өтетін мектептер арасында айына бір рет семинар, дөңгелек үстел, шебер-сыныптар сияқты кездесулер ұйымдастырылса;

2. Алматы қаласы ПҚБАИ, оқулық авторлары мен Ы.Алтынсарин атындағы ҰБА тәжірибе барысында туындаған сұрақтары мен оқулық бойынша әдістемелік кеңес, әдістемелік көмек берілсе.