Біздің филиалдар

"Өрлеу" бос жұмыс орындары

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қарағанды облысы бойынша ПҚ БАИ» қызметі туралы 12 ақпанға ақпарат

12.02.2016 pdf_icon 639 pdf_iconPDF ВЕРСИЯСЫН - КӨШІРУ

Оқушыларға кәсіптік бағдар беру  – болашаққа салынған инвестиция

 

2016 жылдың 11 ақпанында Қарағанды қаласының №101 мектеп-лицейінің базасында «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қарағанды облысы бойынша ПҚ БАИ және Қарағанды қаласының Білім бөлімінің ұйымдастыруымен "Әлеуметтік әріптестік жағдайында жоғары сынып оқушыларын кәсіптік бейіналды және кәсіптік бағдарға дайындау" тақырыбында  облыстық дөңгелек үстел өткізілді.  

Іс-шараға Қарағанды облысы білім беру ұйымдарының мектеп директорларының кәсіптік бағдар беру ісіне жетекшілік ететін орынбасарлары, педагог-психологтер, Қарағанды агротехникалық колледжінің, Қарағанды жол-көлік технологиясы колледжінің, Қарағанды коммерциялық колледжінің, Қарағанды банк колледжінің директорларының кәсіптік білім беру бойынша орынбасарлары қатысты.    

Модераторлар ретінде Қарағанды облысы ПҚ БАИ ИДӘҚЕ бөлімінің бастығы Ибрагимова Г.К. және Қарағанды қаласы Білім бөлімінің әдістемелік кабинетінің меңгерушісі  Раманаускайте Э. А. баяндама жасады.

 

Негізгі баяндамашылардың ақпаратынан қатысушылар оқушыларға кәсіптік бағдар берудің тиімді жолдары мен жеке әдістері туралы білді. 

Қарағанды қаласының №101 мектеп-лицейінде бірнеше жылдан бері ерте кәсіптік бағдар беру негізіндегі үздіксіз көпдеңгейлі кәсіптік бағдар беру моделімен директордың кәсіптік білім беру жөніндегі орынбасары  Козловская М.П. таныстырды.  

Ресурстық орталық жағдайында жоғары сынып оқушыларын кәсіптік бейіналды және кәсіптік бағдарға дайындау іс-тәжірибесімен Қарағанды қаласының №5 НОМ директорының ҒӘЖ орынбасары  Качалова Л.В. бөлісті. 

Қарағанды қаласының №34 НОМ педагог-психологі Демченко А.В. өз баяндамасында оқушылармен жүргізілетін кәсіптік бағдар беру жұмысының психологиялық аспектілері туралы баяндады.  

 Жоғары сынып оқушыларының арасында «Кәсіптік бағдар сынамасын» өткізу іс-тәжірибесімен   Қарағанды агротехникалық колледжі директорының кәсіптік білім беру бойынша орынбасары  Попова Н.В. және  Қарағанды банк колледжінің қабылдау комиссиясының менеджері  Волох Н.М. таныстырып өтті. 

Іс-шараның екінші бөлімінде  «Автослесарь», «Аспаз», «Суретші-рәсімдеуші», «Бағдарламашы» мамандықтары бойынша кәсіптік сынамалар өткізілді. 

Дөңгелек үстелдің қорытындысын шығара отырып, қатысушылар мектептегі кәсіптік бағдар беру жұмысын белсендірудің қажеттілігін, оқушылардың кәсіптік дайындығы барысында туындаған мәселелер бойынша кәсіптік және жоғары оқу орындарымен тығыз әріптестік қатынас жасаудың, сонымен қатар жасөспірімдерге қалауы бойынша мамандық немесе кәсіп таңдау барысында көмек көрсетудің едәуір қызықты дәдістері мен тәсілдерін табу бойынша іздену қажеттігін атап өтті. 

       Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы –

 25 инновациялар дамуы

 

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл толуы қарсаңында «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қарағанды облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты оның әрқайсысы ұйымның өсу нүктесі болып саналатын, 25 инновацияларды жобалайды.

       2016 жылы 11 ақпанда  өткізілген «Ашық аудитория» отырысында «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл – 25 даму инновациясы»  жобасы ұсынылды. Жоба Институттың тиімді жаңалықтарды енгізу арқылы білім беру-педагогикалық жүйесінің әрі қарай дамуына бағытталған. 

 

       Жобаның негізгі мақсаты болып саналады:

       -   Институттың білім беру қызметіне тапсырыстың артуы;

       - «Өрлеу» БАҰО» АҚ рейтингтік көрсеткіштерге жетуі.

       Инновациялар аймақтары:

  • курстық дайындық пен курстан кейінгі жұмыстың мазмұны
  • біліктілікті арттыру курстарын әдістемелік және ақпараттық қамтамасыз ету
  • біліктілікті арттыру курстарының мониторингтерін ұйымдастыру
  • ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру
  • Институттың серіктестермен өзара іс-әрекеті

Жобаны іске асыру 2016 жылдың қаңтар айы мен қараша айы аралығына қарастырылған.