Біздің филиалдар

"Өрлеу" бос жұмыс орындары

Қосымша білім беру ұйымдарының жұмыс жағдайында педагогтың кәсіби-тұлғалық дамуы

05.12.2013 pdf_icon 1914 pdf_iconPDF ВЕРСИЯСЫН - КӨШІРУ

Балаларға қосымша білім беру жүйесін табысты түрде дамыту шарттарының бірі кадрлық әлеуеттің жоғары деңгейімен қамтамасыз ету болып табылады.Шығармашылық белсенділікке ынталандыру қосымша білім беру педагогынан заманауи инновациялық тәсілдерді қолдануда ерекше білім мен біліктілікті, білім алушыларды кәсіби қарым-қатынас жасауға сауатты және жоғары деңгейде жетелеуін талап етеді, себебі шығармашылық бұл - іс-тәжірибе мен жаңа технологиялардың симиозы.

      Курсаралық іс-әрекет аясында 28-қарашада «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қарағанды облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты қосымша білім беру ұйымдарының басшыларына арналған «Қосымша білім беру ұйымдарының жұмыс жағдайында педагогтың кәсіби-тұлғалық дамуы» тақырыбында облыстық ақпараттық-әдістемелік семинар-кеңес өткізді.

      Семинар-кеңестің мақсаты қосымша білім беру ұйымдарының басшыларын білім беруді дамытудың заманауи тенденцияларына сай, педагогтардың біліктілігін арттырудың жаңа формаларымен таныстыру болды.

Семинар жұмысына Қарағанды облысының 30 қосымша білім беру ұйымдарының басшылары қатысты, оның ішінде Қарағанды, Балқаш, Жезқазған, Қарқаралы, Саран, Теміртау, Шахтинск қалаларынан, Абай, Ақадыр, Ақтау, Шахан кенттерінен,  Ақтоғай, Оскаровка және Шет аудандарынан.

 

Семинар-кеңесі барысында бекітілген қосымша білім беру ұйымдары іс-әрекетінің Типтік ережесі (14.07.2013ж. №228 ҚР БжҒМ бұйрығы) аясында қосымша білім беру ұйымдары іс-әрекеттерінің негізгі бағыттары талқыланды. 

Сонымен бірге семинарға қатысушылар қосымша білім беру педагогтарының кәісби-тұлғалық сапасын айқындау, кәсіби-тұлғалық сапасын дамытуда педагогтың білімін жетілдіру мәселелерін қарастырды және қосымша білім беру ұйымдары педагогтарын кәсіби-тұлғалық дамытуда «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қарағанды облысы бойынша ПҚБА институтының мүмкіндіктерімен танысты. 

 

Ресми және ресми емес тәжірибе алмасуды қамтамасыз ету, қоғамдастыққа қатысушылардың кәсіби деңгейін көтеруге септігін тигізетін  Ғаламтор  желісінде қосымша білім беру педагогтарының кәсіби мәселелерін бірлесіп шешу мақсатында Қарағанды облысы бойынша Филиалы музыка пәні мұғалімдерінің кәсіби желілік қоғамдастығын құрды. Семинар-кеңеске қатысушылар желілік қоғамдастықтың қызмет етуі педагогтардың ақпараттық-коммуникациялық құзыреттіліктерін жоғарылатуға, олардың кәсіби ой-өрісін кеңейтуге, желіаралық қарым-қатынас дағдыларын дамытуға және кәсіби өсуіне септігін тигізетіндігін атап .өтті.

Қосымша білім беру ұйымдарының басшылары қосымша білім беру педагогтарының біліктілігін арттыру кәсібилікті жетілдіруде іс-әрекеттік және жеке тұлғаға бағытталған тәсілдер негізінде құрылуы тиіс деген пікірге келді. Жеке тұлғаға бағытталған парадигманы жүзеге асыру қоғамның демократиялық даму жағдайында заманауи білім берудің мазмұнын жаңартудың анағұрлым тиімді тәсілі болмақ және субъект-субъектілік қарым-қатынас доминантына негізделген оқытудың заманауи технологиялары, формалары мен әдістері негізінде табысты түрде жүзеге аса алады.

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қарағанды облысы бойынша ПҚБАИ